Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Асқазанды жуу

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары, асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жуан асқазан сүңгісі, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-22°С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі крушканы, см лентаны, дәке салфеткаларын, ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісі, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.

2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

9. Науқастың төменгі күрек тісінен бастап кіндікке дейін аралықты см лентамен өлшеп алыңыз. Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісінде белгіні қарап, науқастан алыған өлшемді белгілеп алыңыз.

10.Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін ылғалдап алыңыз.

11.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

13.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

14.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

15.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырыңыз, (құйғыны асқазан тұсында ұстаңыз)

16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз .

18. Құйғы асқазан бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз, бірінші бөліністі зертханалық зерттуге банкаға құйыңыз.

19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгісін ептеп шығарыңыз.

21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

22. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

24.Сүңгіні, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

26.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

27.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

Ескерту:

- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері кұйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

- егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

- сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, бет-әлпетінде бозарып көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен уақыт «аспирация»), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

- Науқас өзігінен асқазан жуа алатын жағдайы болса, онда асқазан жууды сүңгісіз жүргізуге болады. 8-10 литр дайындаған судың, 1литрдей мөлшерін ішкізіп, тілдің түбіріне саусақ салып басу арқылы құсуды бірнеше рет қайталау, асқазаннан шыққан бөлініс таза болғанға дейін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]