Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру

Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Қажеттілерді дайындау: дозиметр (Бобров аппараты), дистилденген су немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: лоток, мұрын катетері, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

- таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-40°С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

- Жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

- Ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті дозиметрдің (Бобров аппаратының), шыны түтіктеріне кигізіңіз.

5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

6. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқанынан мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (пластырмен) қойыңыз.

7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

10.Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

11.Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

12.Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы дозиметрдің (Бобров аппаратының), қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

13. Дозиметрдің (Бобров аппаратының) ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

14.Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (дозиметрде (Бобров аппаратында), оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

15.Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз.

16.Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

17.Катетерді алап тастаңыз.

18.Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

19.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

- қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

- ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]