Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу - бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: днагностнкалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жараның, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функңиональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Қажеттілерді дайындау: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны. Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанұя мүшелеріне).

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

4. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа ренттген кабинетіне апарыңыз.

Рентген кабинетінің медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта медбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Қажеттілерді дайындау: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

- оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

- жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

- оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

3.Қолыңызды жуып тазартыңыз.

4.Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

5.Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

6.Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз.

7.Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін науқасқа түсіндіріңіз.

8.Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

9.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

10.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]