Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Науқасты цистоскопияға даярлау

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды. Цистоскопияны дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

3.Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сыртқы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

4.Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5.Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

6.Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятық кабинетіне ерітіп барыңыз.

7.Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

8.Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.

Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы. Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал медбике науқасты дайындайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2.Дайындау ережесін бұзыуының.

3.Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

4.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

5.Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

6.8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

7.Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

8.Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

9.Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

10.УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

11.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

- науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

- 1-2сағат зерттеу алдында 1,5 л сұйықтықты (газдалмаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз (қуықы толтыру мақсатында);

- зерттеуге дейін науқас кіші дәретке отырмауын сұраңыз.

Науқасты ирригоскопияға дайындау

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу - бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.

Қажеттілерді дайындау: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстагы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t-36-37°С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.

5. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.

6. Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

8. Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.

9. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.

10.Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін. 11.Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]