Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)

Қолдану көрсетілімдері: иықпен көтеруді қолдану мүмкін болмағанда көтеру.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Кереуетті өз саныңыздың ортасы тұсына дейін төмен түсіріңіз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Кереуеттің екі жағынан бір-біріңізге қарсы тұрыңыз (егер пациент толық болса, кереуеттің әр жағынан екі адам тұрады):

  • кереуетке жақын тұрыңыз;

  • медбикелер иығы пациент арқасы деңгейінде;

  • аяқтарын алшақ қояды;

  • кереуеттің бас жағына жақын аяқ қимыл бағытына бұрылған;

  • аяқтарды тізелерден бүгу;

  • арқаны тік ұстау.

  • Ақжайма шетін аз-кем жиырып бүктеңіз (кеуде тұсына дейін бір жағынан, сан астынан — келесі жақтан).

  • Пациентті көтеріңіз.

  • Ақжайманың жоғары ұштарынан ұстаңыз.

  • Ақжайманың төменгі ұштарынан ұстаңыз.

  • Аяқты қимыл бағытына қойып, бірте-бірте пациентті кереуетті тігінен қалыпқа ауыстыру («үш» деп есептегенде — басшы береді).

  • Одан арғы қимылдар пациентті көтеру мақсатына байланысты).

Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)

«Австриялык көтеру» пайдаланылады.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды онын түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Пациентке отыруға көмектесу: бір медбике оны сүйемелдейді, екіншісі басының астына көпшік салады.

  • Пациенттің артынан кереуетке жақын екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы, медбикелер иықтары пациент арқасы деңгейінде болатындай етіп тұрады.

  • Кереует шетіне жаялық салыңыз.

  • Кереуеттің бас жағына бетімен бұрылыңыз.

  • Салынған жаялық үстіне бір тізені кереуетке қарама-қарсы қойып, балтырды мүмкіндігінше пациентке жақындатыңыз. (Еденде тұрған аяқ пациентті көтергенде таяныш болады).

  • «Австриялық көтеруді» қолданыңыз.

  • Сақтықпен пациентті кереует бас жағына қарай аз-кем қашықтыққа жылжытыңыз.

  • Ауыстыруды аяқтаған соң, пациент жайлы қалыпты таңдаған соң, жаялықты алыңыз.

Пациентті енсіз кереует бас жағына орнынан ауыстыру

Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)

  • «Австриялық көтеру» пайдаланылады.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Пациентке кереует шетіне жылжуға көмектесу: алдымен оның аяқтарын, соңынан жамбасын, кеудесін және басы жылжытыңыз.

  • Пациентке отыруға көмектесіңіз.

  • Медбикенің біреуі кереуеттің босаған бөлігіне, балтырын пациент санының бойы бағытына қойып тізерлеп отырыңыз (алдымен кереуеттің осы жеріне жаялық төсеңіз) (2.21-сурет). Екінші медбике «австриялық көтеру» көтеру қалпында еденде тұрыңыз.

  • Иықты пайдаланып пациент төсек үстіне көтеріледі және бас жаққа қарай аз-кем жылжытыңыз.

  • Пациентті кереует үстінде сәл көтеріп, оны қажетті қашықтыққа біртіндеп ауыстырыңыз. Жаялықты алыңыз.

  • Пациентке жайлы қалыпты жасаңыз.

Пациентті кең кереуетте бас жағына қарай орнын ауыстыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]