Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Салқын компресс қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Қажеттілерді дайындау: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дене қызумен тез теңесіп кетеді.

7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

Ескерту: емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін барады.

Жылытқышты қолдану

Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауру процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Қажеттілерді дайындау: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-70°С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, ветощты (2 салфетканы жылытқыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-70°С) құйыңыз.

3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

10.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

11.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветощпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

12.Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кұрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Қажеттілерді дайындау: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, ветощты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

5. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен ылғалдаған ветощты мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]