- •Медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
- •1.1 Сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;
- •Қосымша көтеру құралдары және көтеру құрылғылары
- •Пациентті көтеру
- •1.4 Сурет. Пациентті сүйемелдеу әдістері пациентті «қолынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «шынтақ көтерген кезде ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)
- •Пациенттің иықтары мен басын көтеру (бір медбикемен орындалады)
- •Кереуетте өзгерген биіктіктен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру) (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)
- •Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)
- •Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)
- •Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
- •Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды
- •Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды
- •Науқасты фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Душтың астында жуындыру
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- •Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- •Қолды антисептикпен өңдеу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Медициналық тағайындау бұйымдарын тазарту кезеңдері
- •I кезең медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •III кезең медициналық тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу.
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
- •Науқастың ішкі киімдерін ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Науқасты ылғалдап сүрту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру /дезинфекциялау/
- •Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Көз майын қаттыстырып жағу
- •Теріге майды жағу
- •Сеппе (присыпка) дәріні сыртқа қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Инсулинді енгізу
- •Тері ішіне инъекцияны қою
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресс қою
- •Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Қан қысымын өлшеу
- •Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерден)
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Науқасты цистоскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру
- •Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау, есептеу
- •Асқазанды жуу
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі
- •Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін науқаска қамтамасыз ету
- •«Ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық, жалпы клииикалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінін сандык және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.
Қажеттілерді дайындау: бір рет қолданатын садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолғапты, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Медбике науқасты зерттеу алдында қанды алу туралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.
2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз.
4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.
5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттің кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.
6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз.
7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.
8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашкы тамшысын сүртіңіз.
9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.
10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.
11. Қолданылған құралдарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
- қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;
- ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.
Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
Мақсаты: диагностикалық
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70% этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ кабылдамағанын анықтаңыз.
Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз.
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне ішкі киімінің үстінен байлаңыз немесе жалаңаш иыққа сүлгі орап барып байлаңыз.
Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.
Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.
Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекңия жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: II саусақ иненің канюлясында, ал III, IV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, I саусақты төмен ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7мл қанды шприцке сорып алыңыз.
Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды бүгуін сұраңыз.
Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.
Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.
Пробирканы қанмен бірге штативке салған күйінде контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;
- жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;
- қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Қолдану корсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы
Қажеттілерді дайындау: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-45°С), лотокты, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды жуып тазартыңыз.
Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-45°С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
10-15 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен қүрғатыңыз.
Ескерту:
- қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
- қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды.
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
