Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Науқасқа ұнтақты қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін,

оқыңыз).

4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен

мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

7. Науқастың басын көтеруін, ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Қажеттілерді дайындау: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз

(атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы

мәліметті беріңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне

келтіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының үшкірлеу жағын қайшымен

қиыңыз.

7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің үшкірлеу шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы

қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

10. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

- суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

Мұрынға дәрілік тамшы тамызу

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын,

дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз,

дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында 36-37°С дейін жылытыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

4. Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин

майына майланған мақта турундасымен тазартыңыз.

5. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып тағайындалған тамшыны тамызыңыз.

6. Сол қолдың 4 саусақты науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

7. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

8. Мұрынның шырышты қалқасына тағайындалған тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз.

9.Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы

айналысты жасаңыз.

10. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол реттілікпен

тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

11.Пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]