Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

Қажеттілерді дайындау: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.

2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

3. Қолыңызды әлеуметтік деңгейде тазартыңыз.

4. Науқастың кеудесін салфеткамен жабыңыз.

5. Тумбочка немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

7. Тағам температурасын қолыңызға тамызып көріңіз.

8. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

9. Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

10. Науқас тағамды асықпай шайнап жұтуын қадағалаңыз, ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

11.Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын

сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

12.Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз.

13.Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

14.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шай.

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру

Мақсаты: сүңгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ертіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2.Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3.Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастың бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүңгіге белгі салыңыз.

4.Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз.

5.Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, басы және мойынның астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6.Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

7.Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіп, аузын ашуын сұраңыз, сүңгіні шпателдің көмегімен жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтыну арқылы сүңгінің екінші белгіленген белгісіне дейін енгізіңіз.

8. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып және оны сүңгіге жалғастырыңыз.

9. Фонендоскоптың басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.

10.Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (ауа жіберілгендегі дыбысты естіңіз).

11.Сүңгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12.Сүңгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастың бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13.Сүңгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14.Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының түбінде тамақ қалғанша.

15.Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16.Тамақтандырғаннан кейін сүнгіге шай немесе қайнатылған су жіберіңіз.

17.Сүңгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанга дейін науқастың мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:

- t-38-40° су моншасында тамақты жылытады;

- егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

- егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

- сүңгі енгізіп жатқанда кеңірдікке түссе: науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]