Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Ер адамның жыныс мүшесін жуу

Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайында.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, салфеткаларды, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың (t-37-380С) немесе Эсмарх крушкасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты құрыңыз; оны кермемен оңашалаңыз.

2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3.Қалі ауыр науқастың жамбас астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.

4.Науқастың аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.

5.Науқастың оң жағынан тұрыңыз.

6.Салфетканы жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.

7.Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

8.Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, салфетканы ауыстыра отырып, құрғатыңыз.

9.Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.

10.Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалай жуыңыз, кептіріңіз.

11.Судноны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, клеенканы зарарсыздандыру ерітіндісімен арасы 15 минуттан 2 қайтара сүртіңіз, жаялықты арнайы кір салатын қапқа салыңыз.

12. Қолданылған салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Төсек-орнын жаймалап, науқасты жабыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

14.Кермені жинаңыз.

Дәрет ыдысын беру

Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішетін және қуығын босату кезінде қолданылады.

Қажеттілерді дайындау: зарарсыздандырылған дәрет сауытын (судноны), клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.

3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

5.Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып қойыңыз, оны арқасына қарай бұрып, бұтаралығы дәрет сауытының тура үстінде болуы қажет.

6.Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.

7.Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.

8.Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз.

9.Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

10.Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

11.Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

12.Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

13.Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз.

14Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]