Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

Қажеттілерді дайындау: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

3. Матрастың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

4. Клеенканы матрастың үстіне төсеңіз, оның жанына ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.

5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.

7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.

9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

11.Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12.Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

13. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Қолдағы тырнақты қиып алу

Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қажеттілерді дайындау: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

2. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

4. Гнгиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,2 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен осы іс-әрекетті жүргізіңіз.

8. Алынған тырнақтарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9.Тырнақтарды егеуішпен өңдеңіз.

9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

Аяқтағы тырнақты қиып алу

Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қажеттілерді дайындау: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

6. Алынған тырнақтарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

7. Тырнақтарды егеуішпен өңдеңіз.

8. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

9. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні - киімге арналған қапқа салыңыз.

10. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]