- •Медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
- •1.1 Сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;
- •Қосымша көтеру құралдары және көтеру құрылғылары
- •Пациентті көтеру
- •1.4 Сурет. Пациентті сүйемелдеу әдістері пациентті «қолынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «шынтақ көтерген кезде ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)
- •Пациенттің иықтары мен басын көтеру (бір медбикемен орындалады)
- •Кереуетте өзгерген биіктіктен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру) (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)
- •Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)
- •Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)
- •Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
- •Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды
- •Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды
- •Науқасты фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Душтың астында жуындыру
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- •Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- •Қолды антисептикпен өңдеу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Медициналық тағайындау бұйымдарын тазарту кезеңдері
- •I кезең медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •III кезең медициналық тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу.
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
- •Науқастың ішкі киімдерін ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Науқасты ылғалдап сүрту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру /дезинфекциялау/
- •Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Көз майын қаттыстырып жағу
- •Теріге майды жағу
- •Сеппе (присыпка) дәріні сыртқа қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Инсулинді енгізу
- •Тері ішіне инъекцияны қою
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресс қою
- •Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Қан қысымын өлшеу
- •Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерден)
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Науқасты цистоскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру
- •Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау, есептеу
- •Асқазанды жуу
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі
- •Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін науқаска қамтамасыз ету
- •«Ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Науқасты ылғалдап сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде.
Қажеттілерді дайындау: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t -37-38°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3.Науқастың астына клеенканы төсеңіз.
4.Шылапшынға жылы су құйыңыз.
5.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
6.Салфетканы, сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
7.Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
8.Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
9.Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
10.Қолдың тырнақтарын алыңыз.
11.Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ТЕРІНІҢ КҮТІМІ
Ағза қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және микробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойықтарға әкеп соғады.
Науқастарға ванна немесе душта 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады. Төсек жағдайындағы науқастарға медбике легенге су құйып, жуынуға көмектеседі.
Іс-әрекет алгоритмі
Жылы суға батырылған губка арқылы науқасты жуындырыңыз (бетін, мойнын, қолдарын). Сосын теріні құрғақ орамалмен кептіріңіз.
Науқастың терісін жылы суға немесе антисептик ерітіндісіне батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет сүртіңіз (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, сірке ерітіндісі 1 стакан суға 1 қасық,70% этил спирті,1% салицил спирті). Терісі кепкенше сүрту керек.
Әсіресе жақсылап әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын жуып кептіріңіз.
Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын аптасына екі-үш рет легенде жуыңыз, легенді төсектің аяқ жағына орналастырыңыз.
Науқастың тырнақтарын тұрақты түрде аптасына бір рет алып отырыңыз,теріні жарақаттап алмау үшін кішкентай қайшы қолданыңыз.
ОЙЫЛУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Ойылу-тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының, жергілікті қан айналымының және жүйке тродкасының бұзылуынан пайда болатын терідегі диетрофикалық, жаралы-некротикалық өзгерістер.
Ойық әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқанына байланысты құйымшақ, жауырын, шынтақ, қарақұс, жамбас буыны маңайында пайда болады.
Ойықтардың пайда болуы ауыр науқастарды нашар күтуінен пайда болады: дымқыл және ластанған іш киім, төсектегі бүктемелер және қалдықтар, кірленген тері.
Іс- әрекет алгоритмі
Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін карастырыңыз.
Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз-онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.
Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.
Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкпе және жауырын, шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.
Ойыққа қарсы матрас қолданыңыз.
Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз-жылы су және 10% камфор спиртінің ерітіндісіне ,70% этил спиртінің ерітіндісіне,1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ерітіндісіне ( бір стакан суға 1 үлкен қасық) батырылған мақта тампонмен ойық пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.
Ойықтарды емдеу
Ойықтың төрт кезеңдері болады.
Бірінші кезеңінің белгілері: анық шеттері жоқ, түсі-көк немесе қызыл бөліктер.
Жүргізілетін шаралар. Жеңіл уқалау мен теріні антисептик ерітіндісімен өңдеу (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, салицил спиртінің 1% ерітіндісі, жартысы су мен этил спиртін 70% және басқалармен) УФО жүргізу астына паралонды дөңгелек салу керек.
Ойықтың екінші кезеңінің белгілері: мұйықтың пайда болуы.
Жүргізілетін шаралар: мұйыққа бриллиант жасылының 1-2% ерітіндісі мен калий перманганаты 5-10% ерітіндісінің қосындысын жағады. Айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді (камфор спиртін 10% ерітіндісі мен этил спиртінің жартылай су қосылған этил спиртінің 70%),УФО жүргізу, дөңгелек паралонды дөңгелек салу.
Ойықтың үшінші кезеңінің белгілері :мұйық жарылып, жара пайда болады.
Жүргізілетін шаралар: УФО қолданылады,майлы таңғыш, (1% синтомицин эмульсия, Вишневский майы, 10% стрептоцид, облепиха майы және тағы да басқалары) арасына дөңгелекті паралонды салады.
Ойықтың төртінші кезеңінің белгілері: терінің, тері асты торшасы және басқа жұмсақ ұлпалардың некрозы дамиды.
Жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін өлген ұлпаларды алып тастайды жараға калий перманганатының 0,5% ерітіндісі немесе 1:5000 фурацилин ерітіндісі бар таңғыш салады. Ірің болған жағдайда-антисептиктер ерітіндісімен шаяды (1:5000 фурацилин ерітіндісі, сутегі тотығының 3% ерітіндісі, калий перманганаты 0,5% ерітіндісі), таңғыш. Жараны тазалап толығымен майлы таңғышқа көшеді, жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданады (солкосерил,опипон және басқалары).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ойықтың пайда болуының барлық кезеңдерінде ойықтың алдын-алу шараларын кушейту керек.
