Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Мұрын қуысын күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, лотокты, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3.Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз, басын сәл аздап артқа қарай шалқайтыңыз.

4.Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулерді, кеуіп қалған қабыршықтардың барын қараңыз.

5.Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.

6.Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

7.Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдап, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.

8.Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде).

9.Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

10.Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 2 лотокты, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке салфеткасы, дәке тампондары, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, флаконда антисептикалық ерітіндіні, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын лотокты, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара браысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

4.Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

5.Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына лотокты қойыңыз.

6.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7.Науқаста егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз.

8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.

9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.

11.Тілді залалсыздандырылған дәке салфеткасымен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке салфеткасымен тілдеғі жағындыны (бозамықты) 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

12.Дәке салфеткасымен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.

13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған лотокқа салыңыз.

14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ салфеткасымен сүртіңіз, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, ал қолданылған дәке тампондарын, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

- халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

- еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолдан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]