Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүрғізу.

Қажеттілерді дайындау: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 50°С-қа дейін ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

Жуушы ертіндінің құрамы

компоненттің аттары

ертіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері

қолданылуы

- жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

- ауыз суы (см3)

1 л

- сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

17 мл

механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ультра-звукті пайдалану)

- -жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

- -ауыз суы (см )

1 л

3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

5. Медиңинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

7. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтің пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

10.Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

11.Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

Азопирам байқауы

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

көк-күлгін түске

егерде заттарда жасырынды қан қалса

күрең-қоңыр түске

егерде заттарда қышқылдар, тот қалса

қызғылт түске

егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалса

Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

- бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

- қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

- синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

- байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

12.Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

13.Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

14.Ыстық ауа шкафында 85°С-та ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]