- •Медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
- •1.1 Сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;
- •Қосымша көтеру құралдары және көтеру құрылғылары
- •Пациентті көтеру
- •1.4 Сурет. Пациентті сүйемелдеу әдістері пациентті «қолынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «шынтақ көтерген кезде ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)
- •Пациенттің иықтары мен басын көтеру (бір медбикемен орындалады)
- •Кереуетте өзгерген биіктіктен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру) (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)
- •Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)
- •Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)
- •Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
- •Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды
- •Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды
- •Науқасты фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Душтың астында жуындыру
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- •Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- •Қолды антисептикпен өңдеу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Медициналық тағайындау бұйымдарын тазарту кезеңдері
- •I кезең медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •III кезең медициналық тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу.
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
- •Науқастың ішкі киімдерін ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Науқасты ылғалдап сүрту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру /дезинфекциялау/
- •Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Көз майын қаттыстырып жағу
- •Теріге майды жағу
- •Сеппе (присыпка) дәріні сыртқа қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Инсулинді енгізу
- •Тері ішіне инъекцияны қою
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресс қою
- •Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Қан қысымын өлшеу
- •Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерден)
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Науқасты цистоскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру
- •Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау, есептеу
- •Асқазанды жуу
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі
- •Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін науқаска қамтамасыз ету
- •«Ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
Мақстаы: науқастың физикалық дамуын бағалау
Көрсеткіштері: науқасты қарау, науқасты динамикалық бақылау, перзентханаға қабылдау.
Қажеттілерді дайындау: сантиметрлік лента, науқасты бақылау парағы, қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, тазартуға арналған ветощты, ҚЖАК /класс «А»/ .
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты хабардар етіп, келісімін алу.
2.Сантиметрлік лентаның бүтіндігін қарау, сандардың айқындылығына көз жеткізу.
3. Науқасқа киімдерін жоғары көтеруін және қолдарын екі жаққа созуын сұраңыз.
4. Сантиметрлік лентаны арқа жағынан ұстап – жауырнның астыңғы бұрышынан және алдынан 4 қабырға деңгейінде бекіту.
- науқастың қолдары төмен бағытталған, дем алуы еркін. Өлшеуді 2 рет жүргізеді:
- тыныштықта; - максимальді тыныс алғанда; - максимальді тыныс шығарғанда.
5. Алынған нәтижелерді бақылау парағына белгілеңіз.
6. Қолғапты киіңіз, ветощты дезинфекциялық ерітіндіге салып қысыңыз, лентаны 2 рет
5 минуттық интервалмен сүртіп, ағынды су астында шайып, кептіріп, футлярға салып қойыңыз.
7. Қолғапты қауіпсіз жою қаптамасына тастаңыз.
8. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
Мақсаты: ауырухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерін жою.
Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.
Қарсы көрсетілімдері: тері ауыруларында, бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тиым салынады.
Қажеттілерді дайындау: биттерге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, полиэтиленді орамал, орамал, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды, сүлгі, педикулцидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабын), сірке су қышқылының 6 % ертінітдісін, тістері жиі тарақты, дәке тампондары, лупаны, қырыну құралдары, киім кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты клеенканы, резеңке қолғаптарды, аурухананың медициналық картасын, жұқпалы ауыру туралы жедел хабарлама формасын (Ф- 058 /у), жұқпалы ауыруды есекпке алынатын журналды (Ф- 060 /у), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, тазартуға арналған ветощты, ҚЖАК /қауіпсіз жоюға арналған контейнерді/.
Іс- әрекет алгоритмі:
Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым-қатынас жасаңыз.
Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.
Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын орамалмен жабыңыз.
Педикулоцидтердің бірімен ығалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап, біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).
Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен орамалмен байлап қойыңыз (оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулицидттердің түрімен байланысты).
Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен жуыңыз.
Содан соң жылы 6 % сірке су қышқылы ерітіндісімен өңдеңіз.
Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.
Науқастың иығына бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды жауып, шашын соның үстінде тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойы тараңыз.
Дәке тампондарын, полиэтиленді орамалды, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз, науқасқа қолданылған орамалды, ақжайманы, сүлгіні өңдеу үшін қапқа салыңыз.
Науқастың және медбикенің киім кешегін қапқа салып, өңдеу үшін зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқастың аурухана медициналық картасына биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз. (күні, тазарту уақыты және медбикенің қолы.)
Биттеген науқасты аурухананның қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.
СЭС-қа биттеу туралы жедел хабарлама Ф-058/у жолдамасын толтырып жіберіңіз.
Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.
Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда немесе келісім берген жағдайда өткізеді.
