Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Науқасты арқасымен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы бар қапты).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым- қатынасты орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.

4. Кереуеттің тежеуішін (тормозын) бекітіңіз.

5. Медбике тұрған қыр жағындағы белдеулерді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

8. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

9. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

10. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

11. Сирақтың төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

12. Табанға 90° бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

13. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).

14. Науқастың қолының басына валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және басбармақтың бұрылуын азайту үшін).

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Науқасты қырымен жатқызу

Мақсаты: тесекте жайлы калып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: тесектегі енжарлы және еріксіз калыптағы науқас,

ойылудын алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған тіреуді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.

4. Кереуеттің тежеуішін (тормозын) бекітіңіз.

5. Медбике тұрған қыр жағындағы белдеулерді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

7.«Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

8. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастың аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.

9. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

10. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін медбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.

11.Науқастың басына және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).

12.Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту үшін).

13.Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.

14.Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

15.Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяқтың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяқтың жазылуын болдырмау).

16.«Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяқтың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

17.Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

18.Кереуетті түсіріп және қыр жағындағы белдеулерді көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]