Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)

Қолдану көрсетілімдері: мәжбүрлі немесе пассивті қалыпта; дене ойылу қаупінде, дене қалпын өзгерткенде.

Дайындаңыз: қосымша жастық, аяққа тірек, кұмы бар қап.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациенттің жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Кереует тежегіштерін бекітіңіз.

  • Медбике тұрған жағынан кереует бойындағы белдемені түсіріңіз (егер олар болса)

  • Кереует бас жағын толық төмен түсіріңіз (егер ол мүмкін болса). Кереуетті өз саныңыз ортасы деңгейіне дейін төмен түсіріңіз.

  • Пациентті бұрылатын жақтан қарсы бағыттағы кереует шетіне ауыстырыңыз.

  • Пациенттен қолын кеудесі алдына айқастыруы сұраңыз.

  • Егер ол оң қырына аударылатын болса, онда сол аяғын оң аяғы үстіне салынады (егер орындай алмаса, көмектесіңіз). Пациенттің сол аяғын бүгіңіз: бір қол тобықты (жіліншікті), екіншісі тізе асты (тақым) тұсын ұстайды.

  • Кереуеттің пациентті бұратын жағында тұрасыз. Оның қасына протектор қоясыз.

  • Өз аяғыңыз тізеден бүгіледі де протектор үстіне қойылады.

  • Екінші аяқ тірек болады.

  • Егер пациентті оң қырына бұру керек болса, сол қолыңызды оның сол иығына, оң қолды – оның сол санына қоясыз.

  • Өз салмағыңызды еденде тұрған аяғыңызға ауыстырып, пациентті қырына аударасыз.

  • Пациент басы астына жастық салынады.

Пациентті аудару және оны қырына жатқызу

Ескерту: Пациент өз қолына жатуы керек.

  • Пациент қолдарын аздап бүгесіз.

  • Жоғарыда жатқан қолы жастықта жатады.

  • Пациент арақасы астына жастық қойыңыз.

  • Жоғарыда жартылай бүгілген пациент аяғы астына жастық салынады (шаптан аяқ басына дейін).

  • Құмы бар қап пациент астында жатқан табан астына (аяқ үшін тірек) қойыңыз.

  • Төселген жаялық түзетіңіз.

  • Пациент ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Кереует белдемелерін көтеріңіз.

Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды

Фукциональды не кәдімгі кереуетте орындалады.

Қолдану көрсетілімдері: мәжбүрлі немесе пассивті қалыпта; дене ойылу қаупінде, дене қалпын өзгерткенде орындалады.

Дайындаңыз: шиыршықталған көрпе не ванналық сүлгі, кішкене жастық.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациенттің жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Кереует тежегіштерін бекітіңіз.

  • Медбике тұрған жағынан кереует белдеуін түсіріңіз (егер олар болса)

  • Кереует бас жағын толық төмен түсіріңіз (не жастығын алыңыз). Пациенттің көлденең жатқанына көз жеткізіңіз.

  • Пациенттің басын ептеп көтеріп, жастығын алып, кішкентайын салыңыз.

  • Пациенттің қолын жазып, кеудесіне қысыңыз.

  • Қыр жағындағы белдеулерді көтеріңіз, өзіңіз тұрған жақтың белдеуін түсіріңіз.

  • Кереуетке тізеңізді қойыңыз.

  • Шиыршықтылған көрпені не сүлгіні, не кішкене жастықты пациент ішінің жоғарғы

бөлігіне қойыңыз.

  • Бір қолды пациент иығына, екінші қолды жамбасына қойыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]