Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)

Қолдану көрсетілімдері: Функциональды кереуетте, сол сияқты қарапайым

кереуетте де орындалады. Мәжбүрлі және пассивті қалыптарда.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

  • . Медбике тұрған жақ қапталындағы тұтқаны түсіріңіз (егер ол болса).

  • 2-27 сурет.

  • Пациентке қарсы тұру: сол қолды иықтарының астына қойыңыз.оң қолды тізелерді құшақтай тақым астына жіберіңіз. Аяқтарды тізеден бүгіп, еңкеймеңіз.

  • Пациентті көтеріп, оның аяқтарын төмен түсіріп және осы кезде денесін төсекте көлденең қалыпта 900 С-қа бұрыңыз.

  • Пациентті бір қолмен иықтан, екінші қолмен денені сүйемелдеп отырғызыңыз.

  • Пациенттің сенімді және орнықты отырғанына көз жеткізіңіз. Арқасына тірек қойыңыз.

  • Егер аяғы жерге тиетін болса, пациент аяғына жеңіл аяқ киім кигізіңіз немесе егер тимесе аяғы астына кішкене отырғыш қойыңыз.

ПАЦИЕНТТІ «КЕРЕУЕТТЕ АЯҒЫН ТӨМЕН ТҮСІРІП ОТЫРҒАН» ҚАЛПЫНАН

ОТЫРҒЫШҚА (АЛМАЛЫ-САЛМАЛЫ АЯҚ ҚОЯТЫН ТІРЕУІШІ

БАР ФУНКЦИОНАЛЬДЫ КРЕСЛО-КАТАЛКАҒА) АУЫСТЫРУ

(бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)

Функциональды кереуеттен аяқ астына қоятын жылжымалы (алып-салынатын) тіреуші бар функциональды кресло-каталкаға және отырғышқа ауыстырғанда пайдалана алады.

Дене қалпын өзгерткенде, тасмалдағанда пайдаланады.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанда оның түсінгеніне көз жеткізіп және айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Отырғышты (кресло-каталканы) кереуетке қатар қойыңыз.

  • Мүмкіндігінше кереуетті отырғыш деңгейіне дейін түсіріңіз.

  • Кресло-каталкада аяқ астына қоятын тіруішін шығарып, тежеуіш бекітіледі.

  • Пациентті сүйемелдеу тәсілдерінің бірі пайдаланылады. /2.10 сурет/

  • Кресло-каталка (отырғыш) тұрған жақтан тұрыңыз. Пациент қолтығын қыспаңыз!

  • Пациентті «үш» дегенде тұруға көмектесетініңізді ескертіңіз.

  • Жайла санап сәл теңселіңіз.

  • «Үш» дегенде пациентті аяғына тұрғызыңыз және онымен бірге кресло-каталкаға (отырғышқа) арқа жағына келгенше бұрылыңыз.

  • Пациенттен кресло-каталкаға (отырғышқа) тиген кезде сізді ескертуін сұраңыз.

  • Оны кресло-каталкаға (отырғышқа) отырғызыңыз: тізеңізді бүгіңіз, бүгілген тіземен пациент тізесін тіреңіз, арқаны тік ұстау керек.

  • Пациент егер кресло-каталкаға тұтқасына (отырғыш шетіне) қолын қойса, сізге көмектеседі және отырады.

  • Пациентті креслоға (отырғышқа) жайлы отырғызыңыз.

  • Қажет болса, пациентті тасымалдауға тежегіштен шығарыңыз.

ПАЦИЕНТТІ «КЕРЕУЕТТЕ АЯҒЫН ТӨМЕН ТҮСІРІП ОТЫРҒАН» ҚАЛПЫНАН

ОТЫРҒЫШҚА (АЛМАЛЫ-САЛМАЛЫ АЯҚ ҚОЯТЫН ТІРЕУІШІ БАР

ФУНКЦИОНАЛЬДЫ КРЕСЛО-КАТАЛКАҒА) АУЫСТЫРУ

(екі адам орындайды, пациент көмектесе алады)

Келесі тасымалдау үшін пайдалану.

  • Пациентке шаранын орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Кресло-каталканы пациенттің аяғы тұсына қойыңыз.

  • Мүмкіндігінше кереуетті кресло деңгейіне дейін төмендетіңіз.

  • Бір медбике кресло-каталка артында тұрады да, оны аяқ тірегіші жерге тигенше еңкейтеді.

  • Екініші медбике (көмекші) аяқтарын 30 см-дей алшақтатып, тізелерін бүгіп,

  • кереуетте аяғын төмен түсіріп отырған пациентке қарсы тұрады.

  • Пациенттен медбике белінен ұстап, иығынан сүйемелдеу ұсынылады.

  • Пациент аяқтары жерге тигенше (аяқ киімі таймайтын) кереует шетіне қарай тарту керек (2.29 а-сурет).

Пациентті кереуетте аяғын төмен түсіріп отырған

қаппынан кресло-катапкаға ауыстыру

  • Бір аяғы пациент тізелері арасына, екіншісі қимыл бағытына қойыңыз.

  • Пациентті «құшақтау» қалпында қысып ұстап, жұлқымай және бұрылмай біртіндеп көтеру керек. Пациенттің қолтығынан қыспаңыз!

  • Оны ескертіп, «үш» деп санағанда, оған тұруға көмек беріңіз.

  • Санай отырып сәл теңселу керек.

  • «Үш» деп санағанда пациентпен бірге кресло-каталка арқасы тұсына келгенше бұрылып, оны аяғынан тұрғызыңыз.

  • Каталка шетіне тигенде пациент сізді ескертуін сұраңыз.

  • Пациентті кресло-каталкаға отырғызып: өз тізеңізді бүгіп, онымен пациент тізесін тіреп; арқаны түзу ұстаңыз. Пациент кресло-каталканың шынтақтығына қолын қойып, сізге көмектесу тиіс.

  • Креслоға отырғанына көз жеткізген соң, пациентті босатыңыз.

  • Пациентті креслоға (отырғышқа) жайлы отырғызыңыз.

  • Қажет болса, пациентті тасымалдауға тежегіштен шығарыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]