Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Қантты диабетің клиникалық синдромдары

  2. Ерте жастағы балаларда диабеттің ерекшеліктері

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Емі

  1. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

  1. Гипо- және гипергликемиялық кома

  1. Гипо- және гипергликемиялық кома кезінде шұгыл көмек көрсету

2 қосымша

Алгоримдер диабеттік (гипергликемиялық) кома

Гипергликемиялық кома - қант диабеті асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде айқын ацидоз бен кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдары қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдай.

Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргештірге реакция болмайды.

Себептері:

  1. Емделмеген немесе анықталмаған қант диабеті.

  2. Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.

  1. Диетаны бүзу - көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.

  2. Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.

  1. Жедел ірінді инфекциялар.

Симптомдары:

Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде - бастың ауырсынуы, әлсіздік, үйқышылдық, тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бүл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.

Шүғыл көмек:

  1. Тез арада госпитализациялауға тырысу.

  2. Ауруды жатқызу және жылыту

  3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет:

а) көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaСІ изотониялық ерітіндісінде;

6) асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);

в) қуыққа катетер қою;

г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау;

д) оксигенотерапия;

е) физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.

4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкоза-түзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен емдеуден түрады.

а) инфузиялық ерітінділер - Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.; б) инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг сағатына есебінен откізіледі.

5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және көкөніс шырындары, ққрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар қабылдауға болады. Екінші күні - ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.

Гипогликемиялық кома

Гипокликемиялық кома - бүл бас ми жасушаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды.

Себептері:

  1. Инсулин дозасының артық болуы

  2. Физикалық салмақтар

  3. Инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау

4) Тамак кабылдау ара қашықтығының ұзаққа созылуы. Симптомдары: Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, аяқ-қолдарының дірілі, шаршағыштық. Ерін мен тілдің жансыздануы тен болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағытталуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.

Шұғыл комек:

Команың ауырлығына байланысты:

  1. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады.

  2. Ауыр жағдайда, есін жогалтқанда - тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл -20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі.

  3. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет.

4. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады.

5.Оксигенотерапия.

6.Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.