Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Құлақ маңына жылытқыш компрессті қою алгоритмі

Корсеткіші: қүлақтың, қүлақ маңының қабыну процесін азайту және жою

Керекті күралдар:

  • араластырылған спирт - 45°, дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған), мақта, жалпақ бинт, балауыз қағаз

Кезеңдері

Негіздемесі

• Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен еткізу ретін түсіндіру.

• емделушінің, ангасының құқықтарын сақтау

• Керекіі қүралдарды дайындау.

• емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

• Қолды гигиеналық одіспен өңдеу, қүрғату.

• инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

• Салфетка мен балауыз қағазды бала құлағының көлеміне сәйкес тесу.

• қоюға байланысты жағымсыз сезімдерді жоққа шығару.

• Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу.

• емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

• Салфетканы қүлақ маңының терісіне салу.

• емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

• Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан 1-2 см артық болу керек).

• емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

•Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астынғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет).

• ұзақ уақыт әсер ету ге байланысты терінің хемо- және терморецепторлары арқылы рефлекторлық ықпал ету.

•Компрессті теріге бинтпен ұстатып, жанастырып мықтап бекіту.

• күнделікті өмірді қамтамасыз ету.

•Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге).

• емделушіні емшара жасауға тарту.

•Компресс қойғаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң саусақпен компресстің ішіндегі ылғалдылық деңгейі тексеріңіз.

• емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

•Компрессті шешу, теріні қүрғатып сүрту, қүрғақ орамалмен таңу.

• салқындаудың профилактикасы. Жылыту әсерінің мерзімін ұзарту.

• Қолды жуып, кептіру.

• инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ескерту. Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет. 70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру. 96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру.

Пульс жиiлiгiн санау.

  1. Оң қолдың 2-3-4 саусақтардың ұшымен бiлезiк тамырдың пульсын табу.

  2. Бiр минут бойы санау!

3. Жиiлiгi:

Жаңа туған бала – 120-140 минутына

Емiзулi кезең – 120-110 минутына

Ересек балаларда – 100-70 минутына.

Тыныс алудың түрі мен жиілігін анықтау

Көрсеткіші: тыныс алудың негізгі сипаттамаларын анықтау.

Керекті құралдар: сағат, қалам, температуралық парақ.

Ескерту: тыныс алуды қозғалыссыз күйде 1 минут бойы санау.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру

•анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Тыныштық жағдайды қамтамасыз ету

• балалардың тыныс алу ритмі ырғақсыз, мазасыздық, айқай-шу тыныстың жиіленуіне себепкер болады.

3.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию

•жұқпалық қауіпсіздікті сақтау

4. Баланы ынғайлы жағдайда, кеудесі мен ішін көретіндей қылып, жатқызу

•емшара нәтижесін қамтамасыз ету үшін

5. Кеуде торы мен іштің алдынғы қабырғасы қимылдарын көзбен бақылау

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі.

6. Тыныс алудың түрін белгілеу және 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау.

• балалардын тыныс алуы ырғақсыз болуына байланысты, емшара қорытындысын қамтамасыз ету

7. Тыныс қимылдар жиілігін көзбен бақылау арқылы санау мүмкін емес болса, онда қолды кеудеге не ішке орналастырып, 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау (бала жасына сай).

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі;

•жас балалардың тыныс алуы ырғақсыз.

8.Температуралық параққа зерттеу қорытындысын жазып алу

•емшара қорытындысын қамтамасыз ету үшін

9. Қолды жуып,құрғату.

•жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

Дем алу жиiлiгi:

Жаңа туған бала – 40-60 минутына

Емiзулi кезеңi – 30-35 минутына

Ересек балаларда – 15-20 минутына