Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Жылу өту

Жылу өту - ағзаның жалпы қызып кетуне байланысты және жылу факторларының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу өту синдромының негізінде жылу жасау артып, жылу бөлінудін азаюы жатады.

Себепгері:

  • ылғалдылығы жоғары ыстық бөлмеде болу

  • ауаны нашар өткізетін қалың киім кию

  • баланың жылу көзінің немесе пештің маңындағы төсекте жатуы

Белгілері: бастың ауруы және айналуы, әлсіздік, үйқышылдық, құлақтың шулауы, локсу. Терісі қызарған, әуелі дымқыл, одан әрі құрғақтанады. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Дене температурасы 40-41 ° С көтеріледі, құрысу болады. Пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда - есінен тану.

Шұғыл көмек

  1. Баланы салкын, желдетілетін бөлмеге ауыстыру.

  2. Қысып тұрған және қалың киімнен босату.

  3. Таза ауамен қамтамасыз ету.

  4. Салқын су беру.

  5. Басына суық компресс, ірі тамырларына мұзды мұйық қою.

  6. Т°18+20°С салқын суға малынған жаймамен орау.

  7. Тері астына- 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу.

  8. Инфузиялық терапия - физиологиялық ерітінді + 5% глюкоза ерітіндісі.

Жәндіктердің шағуы Ара, сона, кене шағу.

Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады. Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор.

Клиникасы: Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок.

Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.

Шүғыл комек:

  1. Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу.

  2. Баланы тыныштандыру.

  1. Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау.

  2. Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды.

  1. Жараны спиртпен өңдеу.

  2. Жергілікті мұзды мұйық қолдану.

  3. Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу - 0,1-0,3 мл.

  1. Қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.

  2. Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру - димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин.

  3. Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға - преднизолон 30-40 мг.

  1. Бронхоспазм кезінде - көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде.

  2. Құрысу болса - седуксен - 0,3 мл/жасына.

  1. Ауыр жағдайларда - аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

21

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

Пән: «Балалар аурулары»

Тақырыбы

Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің жұмыс қағидалары. ФАП. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, ФАП-та емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

Құрастырған Ажаева А. С.

Павлодар, 2013 ж