Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

Бронх демікпесі.

  • Балаларда таралуы.

  • Себептері, клиникалық көріністері.

  • Алдын алуы.

  • Негізгі емге сатылы түрде қадам жасау.

  • Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

Муковисцидоз.

  • Себептері мен қауіп-қатер факторлары.

  • Патогенезі және бронхиальды жүйедегі патоморфологиялык өзгерістер.

  • Жіктемесі. Клиникалык көріністері. Аскынулары. Саралау диагнозы.

  • Зертгеудің рентгенологиялық және бронхологиялык әдістері.

  • БЖАЖИ бойынша терапиялык жолмен емдеу.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

Туберкулез.

  • Себептері.

  • Ерте және созылмалы туберкулездік интоксикация, алғашкы туберкулез комплексі, туберкулезді бронхоаденит, туберкулезді менингит.

  • Қазіргі туберкулинді диагностика.

  • Вакцинация және ревакцинация.

2 қосымша

Алгоримдер

Иммунды алдын алудың принциптері

Принциптерді жүзеге асыру

1. Егілетін баланың толық денсаулығы

  • Егу алдында баланың даму тарихында десаулық жағдайы мен белгілі бір екпені жасауға болатыны туралы жазуды тексеру.

2.санитарлы-гигиеналық тәртіпті міндетті түрде сақтау принципі

  • Екпелерді жасауға тек дені сау; қолы, терісі, шырышты қабаттары жарақаттанбаған, медициналық қызметкерлерге рұқсат беріледі.

  • Екпе жасау алдында егу кабинетінде еденді, қабырғаларды, жихазды дез. ерітіндімен сүртіп алу; үстөлді, кушетканы эалалсыздандырылған ақжаймамен жабу;

  • Мед. қызметкер тырнақтарын қысқалап алып, таза қалпақ пен халат киіп, қолындағы сақиналарын, білезіктерін алып тастап, қолын сабындап жуып, саусақтар ұшын спиртпен сүртеді.

  • БЦЖ мен туберкулинді бөлек сақтау

3. Екпе препараттарын дүрыс сақтау принципі

  • Барлық вакциналарды салқындатқышта сақтау

  • Ашылғаннан кейін ампуладағы вакцинаны тек бірінші 2-4 сағат арасында ғана қолдану (қолдану шарты: беті дәке салфеткамен жабық болу және БЦЖ, қызылша, «Тримовакс» вакциналары үшін жарықтан қорғайтын конус болу керек).

4. Қолдану алдында вакцинаны тексеру принципі

Қолдану алдында вакцинаны тексер:

  • Вакцинаның атауын, жарамдық мерзімін, ампуланың қалпын, ішіндегі препараттық өзгермеуін.

5. Еңгізу іс әрекетін ұқыпты сақтау принципі

  • БЦЖ-ны тек тері ішіне жасау

  • АКДС- ны бұлшық етке

  • АДС, АД-анатоксинін тері астына не бұлшық етке

  • Полиомиелитке қарсы вакцинаны ауыз арқылы

  • Паротит, қызылша моновакциналарын – тері астына

  • «Тримовакс»-тері астына

  • «Энджерикс» (гепатитке қарсы)

6.Жасалған вакцинаны тіркеу принципі

  • Жасалған екпе туралы мәліметтерді (жасалған мерзімін, атауын, еңгізу техникасын, мөлшерін, сериясын) алдын алу екпе журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына еңгізу.

7.Екпеден кейінгі асқынуларды тізімге алу принципі

  • Екпеден кейін бірден баланы бір сағат бақылау, келесі үш күн бойы тағы да бақылау (ата-анасын асқынулардың мүмкін болуы туралы айтып қою)

  • Екпеден кейін болушылық әсерлер туралы дәрігерге хабарлау