Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Гипертермия кезінде сірке қышқылымен орауды қолдану алгоритмі

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті күралдар:

  • резеңке қолғап; су35-36°С; ас сірке қышқылы; ерітіндіні дайындауға арналған ыдыс; жұқа жөргектер - 2; памперс; салфетка; сағат.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

4. Баланы шешіндіріп тері қабатын мүқият тексеру.

• бала терісінде өзгерістер, жарақаттанулар болмау қажет

5. 0,5 литр суға 1 ас қасық сірке қышқылын қосу арқылы ерітінді дайындау.

•Бала терісінің күюінен сақтау.

6. Жүқа жөргекті сірке қышқылы ерітіндісіне салып сулау, сығып алып тегіс қатты жерге жаю.

• шараның айқындығын қамтамасыз ету

7. Баланың қүлақ үшы жөргектің үстіңгі шетіне келетіндей етіп жөргекке жатқызу.

8. Баланың қолдарын жоғары көтеріп жөргектің бір жақ шетімен кеудесін, ішін орау және жөргекті баланың аяқтарының ортасына салу. Баланың қолдарын төмен түсіріп денесіне жанастыра орналастырып жөргектің екінші шетімен орау.

• бала денесімен салқын жөргектің тікелей түйісуін қамтамасыз ету

•бұтаралығын тітіркендіруден сақтау

9. Екінші жүқа жөргектен валик жасап баланың мойнын орау.

• тыныс алу жолдарына сірке қышқылының тітіркендіру әсерінің алдын алуы

10. 20-30 мин көлемінде жылып кетуіне байланысты, жөргекті сірке қышқылы ерітіндісінде қайталап сулау және баланы қайталап орау.

• шараның айқындығын қамтамасыз ету

11. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

12. 20-30 минуттан кейін баланың дене температурасын өлшеу.

• шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін

•шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек

Ескерту: Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

Стеноздаушы ларингит (жалған круп)

Стеноздаушы ларингит - көмей тұсында тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатьш жедел ауру.

Даму механизмы:

  • Дыбыс саңылауының тарылуы

  • Байланыс асты аймағың ісінуі

  • Көмей қуысында қақырықтың жиналуы Клиникалык белгілері:

  • дауыстың қарлығуы

  • дөрекі, «ит үрген» тәріздес жөтел

  • тыныс тапшылық белгілері (бала мазасыз, тесекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, көк ет және т.б.).