Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Асқазанды шаю алгоритмі

Көрсеткіші: баланың улануы

Керекті күралдар:

  • асқазан зонды, воронка, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, дәке салфеткалары, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Алжапқышты кию

•киімді кірленуден және суланудан қорғау

4. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, үстіне жөргек төсеу

•емшараның тиімді өтуіне қажетті шарт

5. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

6.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды.

Емшек жасындағы баланы жөргектеу.

• емшараны өткізу үшін қажет шарт

7. Балаға су өтпейтін алжапқыш кигізу.

• киімді сулану мен ластанудан қорғау.

8. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою.

9.Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі үзындықты өлшеу (қүлақ үшынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу.

• асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.

10.Зондтың бітеу жағын сулау.

•зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.

11.Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану).

• асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.

12.Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі үзындықта

асқазанға енгізу.

13.Шпательді алып тастау, зондқа оймышты немесе Жане шприцін жалғау

• зонд ішіне сұйықтықты еңгізу үшін жағдай тудыру

14.Оймышты асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Оймышты сәл қисайта ұстап, оған суды қүю.

• «бірлескен ыдыстар жүйесі» заңы бойынша су асқазанға бармайды

15. Оймышты жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су оймыштың мойнына дейін түсу керек).

• физикалық заңдылық бойынша су асқазанға барып, қайтадан шұңғымаға келеді.

16.Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сүйықтықтың молшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет).

17.Воронкаға сүйықтық қүйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанаға дейін.

• шараның тиімділігін қамтамасыз ету

18.Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу.

• құсып қоюдың алдын алуы

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

19.Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.

• гигиеналық шаралар мен жағым-ды жағдайды) қамтамасыз ету

20.Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу.

• уланудың себептерін анықтау

21.Қолданылған қүралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

22.Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту.

  • Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет.

  • Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады.

  • Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады:

  • 1 жасқа дейін - 100 мл/кг;

1 жастан жоғары - 1 литр/жасына