Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Балалардағы жоғарғы тыныс алу жолдарының және өкпенің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері (мұрын койнаулары, лимфа-жутқыншақ сақинасы, евстахиев түтікшесі, көмекей қақпашығы, комей)

  2. Аурулар семиотикасы (апноэ, ентікпе турлері, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының обструкциялық синдромы).

  3. Зерттеудің аспаптық және функционалдық әдістері.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Жүрек пен қан тамырларының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Баланы қарап тексеру, жүректі пальпациялау, перкуссиялау, аускультациялау

  3. Аурулар семиотикасы (апноэ, ентікпе турлері, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының обструкциялық синдромы).

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

  1. Қан жүйесінің анатомия-физиологнялық ерекшеліктері.

  2. Бір қатар аурулар кезінде қанның өзгеру семиотикасы.

  3. Әртүрлі жастағы балаларда пульс және қан қысымының жиілігін зерттеу ерекшеліктері

2 қосымша

Іі.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин. Алгоримдер үлкен еҢбек кӨлемін анықтау алгоритмі

Көрсеткіші:

  • баланың физикалық дамуын анықтау

Керекті құралдар:

  • сантиметрлік таспа, салфетка, спирт.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2. Салфетка көмегімен см таспаны екі жақтан өндеу

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3.Баланы отырғызу немесе жатқызу

балаға ынғайлы жағдай жасау

4.Бала басының үлкен енбек аймағына см таспаны салу, екі қарама-карсы жақтардың ара қашықтығын өлшеу

өлшеу қорытындысы дұрыс болуын қамтамасыз ету.

5.Қорытынды көрсеткішін жазып алу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

6.Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

7. Қортыңдымен баланың анасын танысғыру

бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау

Бала мүсіні бҰзылуын анықтау алгоритмі

Көрсеткіші:

• баланың дене дамуын бағалау.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3. Баланы беліне дейін жалаңаштандыру

шараны өткізу белсенділігі

4. Баланың екі қолын денесі бойымен төмен түсіріп, тік тұруын анасынан сұрау

5. Екі-үш минут бойы бала мүсінін бақылау

Арқа бұлшық еттері босансу үшін қажет уақыт

6. Иықтың, омыртқалар төменгі бұрыштарының, сүт безі ұштарының, бел үшбурышының орналасуын бағалау

қалыпты жағдайда олар симметриялы орналасқан

7. Баланы еденге қолын жеткізу туралы сұрау және бұлшық еттерінің компенсаторлық үймегі бар екендігін анықтау

сколиоз болса – майысқан жағына қарама-қарсы компенсаторлық үймегі пайда болады

8. Қорытынды көрсеткішін жазу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

9. Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету