Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Баланың салмағын элекТронды таразымен өлшеу алгоритмі

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

  1. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  2. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  1. электрондық таразы;

  2. резеңке бессаусақты қолғап;

  3. дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  4. қағаз, қалам.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

3.Керекті құралдарды дайындау.

өлшеудің дұрыстығына жету

шараның айқындығын қамтамасыз ету

4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру.

шараның айқындығын қамтамасыз ету

5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.

  1. Баланы таразыға жатқызу.

  1. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу.

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

  1. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу.

Тексеру қорытындысын құжаттандыру

  1. Таразыдан жөргекті алып тастау.

таразының дұрыс реттелуін сақтау

  1. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Баланың бойЫн өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • көлденең бой өлшегіш;

  • жөргек;

  • резеңке бессаусақ қолғабы;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш,

  • қағаз, калам.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Көлденең бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге «өзіне» қаратып орналастыру

өлшеудің дұрыстығына жету

3. Керекті құралдарды дайындау.

шараның айқындығын қамтамасыз ету

4. Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату.

5.Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

6. Бой олшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жактауға тақап жаткызу.

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Баланың тізесінен сәл басып, аяқтарын түзеп жатқызу

  2. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату

  3. Шкала бойынша бала денесінің бой ұзындығын анықтау

шараның айқындығын қамтамасыз ету

11. Баланы бой өлшегіштен алу

баланың кауіпсіздігін сақтау

12. қорытындысын жазу және кортындысын анасына хабарлау.

бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау

13. Өлшегіштен жөргекті алып тастап, бой олшегіштін үстін дезерітіндімен сурткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

14. Қолғапты шешіп қорапқа тастау, қолды жуу және қүрғату.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланың бойын таңертенгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы

22–240 С.