Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Ұлтабарды фракциялық зондтау

Мақсаты: өт шығару жолдарынығ дискинезиясын анықтау, лямблияларды табу

Керекті күралдар:

резеңке қолғап, оливасы бар стерильді дуоденалді зонд, орамал, 39-40°С дейін жылытылған 33% магний сульфат ерітіндісі, стерилді шприц, қайнатылған су, жылы су құйылған және 4 қабатты жөргекке оралған жылытқыш, асқазан сөлін жинау үшін ыдыс, сағат, қағаз, қалам, белгіленген 7 пробиркалармен штатив: А — 1 пробирка, В - 5 пробиркалар, С - 1 пробирка.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Лабораторияға жолдама жазу.

• емшараны өткізу үшін қажет шарт

4. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5. Баланы отырғызу

• емшараны өткізу үшін қажет шарт

6. Зондта бірінші белгіні баланың қүлақ сырғалығынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен не мұрын ұшынан семсер тәріздес өсіндіге дейін өлшеу.

•асқазанға дейін қашықтықты анықтау үшін

7. Зондта екінші белгіні семсер тәріздес өсіндісінен кіндікке дейін + 2 см өлшеу.

• 12-елі ішекке дейін қашықтықты анықтау үшін

8. Оң қолға «бітеу» жағынан 10-15 см қашықтықта зондты алу, ал сол қолмен бос жағын ұстау.

•асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.

9. Зондтың «бітеу» жағын қайнаған сумен сулау

• зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.

10.Баланың аузын ашқызып, зондтың «бітеу» жағын тіл ұшына ортанғы сызық бойынша салу.

•құсудың алдын алу

11. Баланың ауызын жапқызып, терең тыныс алуын және жұтқандай қимыл жасауын сұраймыз

• жұтқандай қимыл жасағанда зондтың асқазанға жетуі жеңілдейді.

12. Зондты абайлап, сенімді ширақ қозғалыспен бірінші белгіге дейін асқазанға енгізу. Енгізіп жатқанда бала жөтелсе не қақалса, зондты бірден алып шығу .

•тыныс жолдарына түскендіктің белгісі.

13. Баланы 4 рет қабатталған орамалға не жөргекке оралған жылытқыш үстіне оң бүйіріне жатқызу.

•зондтың 12-елі ішекке ығысуы оливаның ауырлық күші мен асқазан перисталь-тикасының әсерінен пайда болады.

14. Зондтың бос жағын зондтың жылжу кезінде жиналған асқазан сөлін жинауға арналған ыдысқа салу.

15. Баланы жұтыну кезде өздігінен 20-30 минут бойы зондты екінші белгіге дейін баяулап ығыстыруды сұрау.

•құсудың алдын алу

16 Зондты оң қолдын сұқ саусағымен тісінің артына кіргізу.

17. Бала тісін қысып, зондтаудың аяғына дейін жазбауын сұраймыз.

• аузын ашса, зонд тілдін ұшына түсіп, құсу рефлексін қоздыртады

18.Ыдыста ақшыл сары түсті секрет пайда болғанда зондтың бос жағын «А» пробиркаға орналастыру және «А» үлесін жинап алу (таусылғанға дейін не түсі өзгергенше дейін).

• «А» үлесінің түсі өзгеруі Одди сфинктерінің тонусы нашарлығына және «В» үлесінің өздігінен ағуына байланысты.

19. Шприц көмегімен зонд арқылы жылы магний сульфат ерітіндісін 20-30 мл көлемінде енгізу.

Енгізу уақытын белгілеу.

• 33% магний сульфат ерітіндісі Одди сфинктерінің ашылуына көмектеседі және өт қабының жиырылуына себептеседі

• 33% магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен Одди сфинктері ашыла бастайды.

20. Зондтың бос жағын жоғары көтеріп, 1-2 минутке қысып ұстау.

•магний сульфат ерітіндісінің өту және әсер ету шарттарды жасау.

21. Зондты босатып, оның бос жағын бірінші «В» пробирканың ішіне сұғу.

•магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен кейін «В» үлесі пайда болғанға дейін өткен уақыт Одди сфинктері ашылған уақытына сәйкес

22. «В» үлесі пайда болған уақытты жазып алу. Өт қабында пайда болған «В» үлесін әр 5 минут сайын төрт пробиркіге жинау, зондты бесінші пробиркада өт түсі өзгергенше дейін қалдыру

Есте сақта: «В» үлесі көп болса – қосымша резервтегі пробиркаларды қолдан.

• пробиркалардағы өт денгейін салыстырып, өттін ағу бірқалыптығын анықтау

•түсі өзгеруі бауырдан шығатын «С» үлесінің пайда болғандығының белгісі.

23. «С» үлесі пайда болған уақытты жазып алу.

Зондты «С» пробиркаға ауыстыру

•«В» үлесінің пайда болғанынан түсі өзгергенге дейің өткен уақыт «В» үлесінің ағу уақытына тең.

24.Бауырда пайда болған «С» үлесін 5-10 мл көлемде жинап алу

•зерттеу үшін жеткілікті көлем

25.Орамал арқылы зондты тез қимылмен шығарып алу

• құсудың алдын алу

26.Зондты лотокқа салу

• зондтың механикалық тазаруы

27.Барлық қолданған құралды не дезинфекциялау не утилизациялау.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

28.Бессаусақты қолғапты шешу және қолды жуып құрғату.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

29. Алынған материалды жолдамамен бірге лабораторияға жеткізу.

• өттің үш үлесін зерттеу және қорытындысын алу үшін.