Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Ауыз қуысының аурулары. Гастриттер, гастродуодениттер.

  2. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

  3. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары. Гельминтоздар

  2. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

  3. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

  1. Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холециститтер.

  2. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

  3. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

2 қосымша

Алгоримдер

СТОМАТИТТЕР КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі.

Керекті қүралдар:

• өңдеуге арналған ерітінді (шөп түнбалары, антисептиктер);

• мақта, дәке салфеткалары;

• қолданылған заттарға арналған лоток;

• резеңке қолгап;

• шпатель.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию.

• жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету

4. Оң колдын екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфеткасын орап алып бір үшын үлкен саусақпен бекітіп үстау.

• бала терісінде өзгерістер, жарақаттанулар болмау қажет

5. Сол қолдың үлкен саусағымен баланын иегін абайлап басып аузын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану).

• емшара жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

6. Дайын мақтаны ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу.

• емшара жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

7. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит

Өндеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет:

  • 2% ас содасының ерітіңдісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу;

  • 20% бураның глицерин ерітіндісі;

Саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу).

2. Катаральді стоматит

Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин, шөп тұнбалары және т.б.).

3. Герпесті және ойық жаралы стоматиттер Өңдеуді күнделікті келесі реттілікпен өткізу қажет:

  • залалсыздандыратын ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганат, 3% су асқын тотығы, 1:5000 фурациллин ерітінділері;

  • 1% жасыл бриллиант ерітіндісі;

  • ауырсынған кезінде - новокаин немесе анестезин ерітіндісі.

Ескерту:

1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар колданылады (0,25%

оксалин майы, 5% интерферон майы).

2. Стоматитгер кезінде диета механикалық, химиялық және термиялық қолайлы болу керек.

3. Ауыз қуысын оңдеу кезінде абай болу қажет - шырышты қабаттың зақымдануының алдын алу.

  1. Өндеуді тәулігіне 5-6 рет қайталап откізу қажет.

  2. Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезеңінде сауығу кезеңіне қарағанда төмен болу қажет.

Қолданылатын ерітінділердің температурасы 37-38° С болу қажет.