Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Тыныс алу және жүрек соғуы тоқталғандағы көмек

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен түрады. Бүл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексерү (өткізгіштігі сақталған ба?).

«С» - тыныс алуын тексерү (бала тыныс алып жатыр ма?):

- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз - тыныс алу дыбысын тындаңыз

- баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз «Д» - циркуляцияны тексеріңіз - жүрегі соға ма?

- пульсін іздеңіз (бір жасқа дейінгі балада иық артериясы, бір жастан асқан балада үйқы артериясы).

Егер тыныс алүын аныктай алмасаңыз- «жасанды дем берү» еткізү; Егер пүльсін аныктай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

Жасанды дем беруді өткізу сатылары:

Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды дем бергенде үш ерекшеліктерді ұмытпау керек:

  1. ауыз бен мұрынға ауаны бір уақытта үріп енгізу

  2. емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуандау екенін есте сақтай тұра, басын абайлап шалқайтыңыз

  3. альвеолалар жыртылмау үшін сәбидің тыныс жолдарына ауаны өзіңіздің толық емес көлеміңізде үріп енгізіңіз.

Кезеңдері

Негіздемесі

1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу.

•тыныс жолдарының өткізгіштігі жақсарады

2. Иық астына валик салу.

• тыныс жолдары тікейеді

3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалкайту, иегін көтеру.

• емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуан

• баланың тілі ішіне түсіп кетпеуінің алдын алуы

4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту - резеңке грушамен немесе электросорғышпен.

•тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету

5. Баланың аузына және мүрнына салфетка салу.

• инфекциялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету

6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз:

баланың аузы және мүрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға);

баланың аузының немесе мүрынының үстіне (ересек жастағы балаға).

• өткізіліп жатқан шаралар оңды болу үшін

7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу

• бала өкпесінің ауаға толуы

• альвеолалар жыртылмауының алдын алуы

8. Үзіліс жасап баланың кеудесі темен түскенге дейін тосу.

• пассивті ауа шығаруды қамтамасыз ету

9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін.

• өкпеге оттегінің пассивті түрінде түсуін қамтамасыз ету