Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Бұлшық етке инъекция жасау

Мақсаты: бұлшық етке дәрі құю

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы

Қарсы көрсеткіштері: дәрігер анықтайды

Жасалатын жері: бөксенің жоғарғы сыртжағының квадраты, орта және кіші бөксе булшықеті, санның латералдық кең бұлшық еті (орта жағы), дельта тәрізді бұлшықет

Жабдықталуы: 1,2,5,10 мл шприц дәрісімен, 4-6 см инесімен, 2 спирттелген дәке салфеткалары, стерильді бессаусақты қолғаптар, бүйрек тәрізді 2 лоток, контейнерлер

Кезеңдері

Негіздемесі

Негіздемесі

I. Емшараға дайындық:

•Емделуші баламен кездеспей тұрып, ол туралы мәлімет жинау. Сыпайы түрде анасымен және баламен танысу. Оны қалай атауға болатыны туралы нақтылап сұрау.

•Осындай манипуляцияны бұрын жасатқаны туралы, қашан, қандай себеппен, қалай көтергені туралы анықтау.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

медбикеде аллергиялық реакциясының пайда болуын алдын алу.

•Анасы мен балаға дәрі туралы қажетті ақпарат беру

емделушімен қарым-қатынас орнату

манипуляцияға психологиялық болатын

емшараның ретін, одан кутілетін тұрғыда дайындау. нәтижесі, дәрі қабылдау иәсілі, уақыты және ережелері, мүмкін болатын кері әсерін түсіндіру

•Қажетті құралдарды дайындау

емшараның тиімді өтуін қамтамасыз ету.

•Емделушінің емшараға келісімін алу.

баланың құқықтарын сақтау.

• Инъекция жасайтын жері жақсы көрінетіндей етіп, ыңғайланып тұруға көмектесу. Емделуші инъекция жасау орнын киімнен босатуды өтініңіз.

инъекцияға дайындық.

•Көзбен қарап, қолмен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау

инъекция жасау ережелерін орындау.

•Бессаусақты қолғап кию (алдында киген болса - спирттелген дәке салфеткаларымен сүрту

инъекциядан кейінгі асқынулардың алдын алу. инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

II. Емшараны орындау:

•Инъекция жасайтын жердің терісін 2 спирттелген дәке салфеткаларымен сүрту. Бірінші домалақшасымен инъекциялық аумақтың толық көлемін, екіншісімен - инъекция жасайтын нақты жерді сүрту. 2-ші домалақшаны сол қолдың 4 -ші және 5-ші саусақтарының арасына немесе кішкентай саусақтың астына қысу. Спиртті кептіру.

асқынулардың алдын алу.

•Шприцті оң қолына алып: сүқ саусақпен иненің канюлясын басып ұстап тұру; 1,3,4 саусақтармен шприцтің цилиндрін ұстау керек.

инъекция кезіндегі шприцтің дұрыс тұруын қамтамасыз ету.

•Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердегі теріні керіп ұстап, инені 90° бұрыштап, батыл кимылмен инені кіргізіп, терінің сыртында иненің 3-5 мм ғана қалу тиіс.

ине шаншыған жердің ауырсынуын азайту.

•Сол қолды поршеньге ауыстырып, сәл оны тартып, шприцке қан бармайтынына көз жеткізіңіз.

дәрілік эмболияның алдын алу

•Сол қолды щприцтің поршеніне ауыстырып дәрі жіберіңіз (орташа жылдамдықпен).

ине шаншу жердің ауырсынуын азайтады.

•Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен дәке салфеткаларын алып, инъекция салған жерді басып тұрып, инені тез суырып әлыңыз.

ине шаншыған жердің ауырсынуын азайтады.

•Мақта шаригін терісінде ұстап тұру, инъекция орнын ептеп уқалаңыз.

инъекция орнындағы дәрінің жақсы таралуын қамтамасыз ету. Гематома пайда болудың алдын алу.

•Дәке салфеткалары мен шприцті пайдаланған материалдарға арналған лотокқа салу немесе инені (бір рет қолданылатын) қалпақшамен жабу; қауіпсіздік ережелерін орындау.

АІИ және медициналық қызметкерлердің жарақаттануының алдын алу.

•Емделушінің жағдайын сұраңыз. Өзін жақсы сезінетініне көз жеткізіңіз.

психологиялық комфортты қамтамасыз ету.

III. Емшараны аяқтау:

•Пайдаланған құрал-жабдықтардың залалсыздандыруын жасаңыз.

Тиісті құралдардың утилизациясын жасау.

инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

•Қол жуу (әлеуметтік деңгей).

инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

• Емшараның орындалуы және емделушінің реакциясы туралы жазу.

медбикелік күтім сабақтастығын қамтамасыз ету.