Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Тыныс алудың түрі мен жиілігін анықтау

Көрсеткіші: тыныс алудың негізгі сипаттамаларын анықтау.

Керекті құралдар: сағат, қалам, температуралық парақ.

Ескерту: тыныс алуды қозғалыссыз күйде 1 минут бойы санау.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру

•анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Тыныштық жағдайды қамтамасыз ету

• балалардың тыныс алу ритмі ырғақсыз, мазасыздық, айқай-шу тыныстың жиіленуіне себепкер болады.

3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию

•жұқпалық қауіпсіздікті сақтау

4. Баланы ынғайлы жағдайда, кеудесі мен ішін көретіндей қылып, жатқызу

•емшара нәтижесін қамтамасыз ету үшін

5. Кеуде торы мен іштің алдынғы қабырғасы қимылдарын көзбен бақылау

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі.

6. Тыныс алудың түрін белгілеу және 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау.

• балалардын тыныс алуы ырғақсыз болуына байланысты, емшара қорытындысын қамтамасыз ету

7. Тыныс қимылдар жиілігін көзбен бақылау арқылы санау мүмкін емес болса, онда қолды кеудеге не ішке орналастырып, 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау (бала жасына сай).

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі;

•жас балалардың тыныс алуы ырғақсыз.

8.Температуралық параққа зерттеу қорытындысын жазып алу;

•емшара қорытындысын қамтамасыз ету үшін

9. Қолды жуып,құрғату.

•жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

БЦЖ - ВАКЦИНАСЫН ЕГУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: туберкулездің алдын алу

Керекті құралдар:

  • мақта домалақшалары, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел, резеңке бессаусақты қолғап, БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі, ампула қоюға арналған мензурка,ғ қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус, 2 шприц (туберкулин шприці және 2 мл), қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап, қолданылған заттарды салатын дез ерітіндісі бар ыдыс, стерильді спирттелген дәке салфеткасы

Кезеңдер

Негіздемесі

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• вакцинациядан кейінгі асқынулардың алдын алу.

•емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау

  1. Керекті құралдарды дайындау

• емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету.

3.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

• Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4.Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды альш, мойынын стерильді спирттелген дәке салфеткасымен сүрту.

5.Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

6.Қолданылған салфетканы әдейіленген қорапқа салу.

7.Ампуланы мензуркаға қою.

•инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

• құрғак вакцина қоршаған ортаға тарамау мақсатымен ампуланы салфетка көмегімен ашу.

• қоршаған ортаны кірлетпеу үшін вакцинаның қалдықтарын зарарсыздандыру қажет.

• ампула сынуының және тірі вакцина қоршаған ортаға түсуінің алдын алуы

8.2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағы мен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу.

• жұмыс кезінде инені түсіріп алмаудың профилактикасы

• вакцинаның бір дозасына 0,1 мл ерітінді көлемі алынады (ампулада вакцинаның 20 дозасы бар).

9.Ерітіндіні БЦЖ вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының бойымен).

Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру.

Шприцті әдейіленген қорапқа салу.

• вакцинаны қоршаған ортаға түсірмеудің алдын алуы

10.БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка мен конус жауып калдыру.

Вакцинаны жарық көзінде тексеру.

• туберкулез таяқшасы күн сәулесінен қорқады

11.Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2 мл вакцинаны сорып алу.

• вакцинаның нақты есебі

• осындай аз көлемді вакцинаны тек туберкулин шприціне сорып алуға болады

12.Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу.

• ерітілген вакцинаны жарық көзі мен күн сәулесі әсерінен сақтау керек

13. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару. Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

• вакцина қоршаған ортаға таралуының алдын алуы

• вакциның нақты есебі

14.Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін спирттелген дәке салфеткасымен өңдеу. Спирт кепкенше дейін тосу.

• инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

• БЦЖ вакцинасы тек қана сол жақ иыққа жасалады

15.Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керу, иненің қиылысын жоғары қаратып, шприцті 10-15° үстап, жайлап тері ішіне вакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»)

• БЦЖ вакцинасы тек қана тері ішіне жасалады

16.Инені суырып алу. Инъекция орнын спиртпен өндеуге болмайды. Туберкулин шприцін арнайы қорапқа салу.

• БЦЖ вакцинаның белсенділігі этил спирті әсеріне байланысты нашарлайды

17. Бессаусақты қолғапты шешу, қорапқа салу.

Қолды жуу, кептіру.

• инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

18.Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын үйымдастыру және орындау

• вакцинациядан кейінгі реакцияны есепке алу

Ескерту. БЦЖ ревакцинациясын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын кою қажет.