Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою алгоритмі

Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу

Керекті құралдар:

  • қыша қағазы

  • суы бар лоток 40-45° С

  • стерильді майы бар лоток 37-38° С

  • жергектер (жүқа және қалың)

  • керпе

  • қолданылған заттарға арналған лоток

Негізгі шарты:

Қыша қағазын тек терісі зақымданбаған және дене қызуы 38°С жоғары емес

балаларға қою

Кезеңдері

Негіздемесі

• Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен еткізу ретін түсіндіру.

• Емделушінің құқықтарын сақтау

• Керекті құралдарды дайындау.

• Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

• Емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.

• Қолды гигиеналық одіспен өңдеу, қүрғату.

• Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

• Баланы беліне дейін шешіндіру, тері қабаттарын тексеру.

• Қыша қағазын тек зақымданбаған теріге гана қойылады

• Жүқа жөргекті орап жылы есімдік майымен майлау, с ығып алып тегіс жерге жаю.

• Теріні химиялық күйюінен қорғау.

• Қыша кағаздарын қышасын жогары қаратып 5-10 сек. 40-45 градус С суға салу.

• Одан төмен температурада қышаның эфирлік майы шықпайды; ал одан жоғары температурада бұзылады.

• Қыша қағаздарын жөргектің орта белігіне қышасын темен қаратып салу - оң жақта 2-4, сол жақта 1-2 (саны кеуденің көлеміне байланысты), ортасында омыртқа үшін бос орын қалтыру керек.

• Омыртқаның дұрыс жатысын және қышалардың неғұрлым жабысуын қамтамасыз ету.

• Жөргектің үстіңгі және теменгі беліктерін үстіге қарай бүктеп салу.

• Теріге деген қыша әсерін жөргектің бір қабаты арқылы қамтамасыз ету.

• Жөргектің астыңғы жағын үстіне қарай аудару.

• Баланы жөргекке омыртқа түсы бос жерге орналасытындай етіп, жатқызу.

• Омыртқа жотасына артық ыстық салмағы түспесін деген мақсатпен.

• Жөргектің бірінші оң жағын, одан соң сол жағын кеуде торын айналдырып орау (қыша қағазы жүрек түсында болмауы керек).

• Жүрекке артық ыстық салмағы түспесін деген мақсатпен

• Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу

• Суып қалуды жоққа шығару. Жылылықты сақтауды қамтамасыз ету.

• Қыша қағазын қызару айқын болғанға дейін ұстау.

• Рефлексиялық әсер етуге қажетті уақыпы қамтамасыз ету.

• Қыша қағаздарын алу, қолданылған затқа арналған лотокқа тастау.

• Баланы жылылап орап 1 сағ төсекке жатқызу.

• Емшараның тиімділігін және емшара жасағаннан кейін демалуды қамтамасыз ету.

• Қолды жуып, кептіру.

• Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

Балаларға оттегiні беру әдiсi.

1. Орталықтан келген оттегi түтiнiн немесе оттегi жастығының түтiгiн Бобров аппаратының ұзын шыны түтiгiне жалға.

2. Бобров аппаратының резеңке түтiкшесiне мұрын катетерiн жалға.

3.Мұрын катетерiн майлап, мұрын қуысына енгiз

Есiңде сақта! Оттегi балаға тек ылғалдатылған түрде берiледi.

Жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу.

Әзiрле: электросорғышты, залалсыздандырылған резеңке катетерiн.

1Резеңке катетердi шырыш сорғышқа жалға.

  1. Электр сорғышты электр торабына қос.

  1. Резеңке катетердi мұрын қуысына енгiзiп шырышты сорып ал.

  2. Сорғышты электр торабынан сорып айыр.

  3. Бөлек таза резеңке катетердi алып, шырышты ауыз қуысынан сорып ал.

  4. Сорғышты электр торабынан айыр.

  5. Пайдаланған катетердi ағынды су астында сабындап жуып, фурацилин құйылған ыдысқа салып қой.

Жалғын круптың дифтериямен айырмашылығы.

Белгiлерi

Жалғын круп

Дифтерия

  1. Қоздырғыш

  2. Басталу кезеңi

  1. Дене қызуы

  1. Аурудың басталуы

  2. Баланың дауысы

  1. Емдеудiң эффектiсi

Вирустар, микробтар, риниттен, парагрипптен кейiн.

Дифтериямен салыстырғанда жоғарылау.

Тез, кенеттен.

Қарлығып шығады, кейде тазарады.

Негiзгi аурудың емi

.

Леффелер таяқшасы. Өте тез, еш нәрсеге байланысты емес.

Жиi субфебрилдi.

Ақырындап күшейедi.

Афония.

Дифтерияға қарсы қолданатын сыворотка.

Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

Есеп №1.

Үш күн бойы 5 жасар балада t-37о, 37,5о болады, құрғақ жөтел, тұмау пайда болады. Анасы парацетомол берiп, баланың дене қызуын түсiрiп, баланы бала бақшасына жiберiп тұрды. Бүгiн түнде t-39оС – дейiн көтерiлдi. Жөтел иттiң үргенiндей болды. Анасы таңқураймен шәй берiп, баланы ұйықтатып тастады. Түн арасында бала тұншыға бастады. Диагноз? Шұғыл көмек көрсету?

Есеп№2.

1,5 жасар баланың шағымдары: жөтел, тұмау, t-37,2оС Бала екi күн ауырады. Бүгiн жағдайы нашарлап, даусы қарлығып, дем алуы қиындады. Бала мазасыз, терiсi көк. Диагноз? Емдеу?

Есеп №3.

3- жасар бала қабылдауға келдi. Зерттегенде:көздерi қызарған, iсiңкi, көмейi қызыл, t-390С . Диагноз? Тактика?

Есеп №4.

6 – жасар бала тұмау ауруымен ауырғанына 5 күн болды. Соңғы күндерi t- 370С-қа дейiн төмендедi, бiрақта бүгiн құлағынан iрiң пайда бола бастады. Құлақ алдына басқанда , құлағы қатты ауырады. Диагноз? Тактика?

Есеп №5.

8- жасар баланың t0 – 380 – 400 C көтерiледi, басы ауырып, буындары қақсайды. Жұтынғанда тамағы ауырып, тәбетi төмендейдi.

Зерттегенде көмекей бездерiн, таңдайды қан кернеген. Iсiнген бездердiң фоликулалары сары iрiңдi нүктеге ұқсайды.

1. Диагноз? 2. Тактика?

Есеп № 6.

4- жасар бала анасының шағымдары: дене қызуы 390 С көтерiлуi, ұйқысы бұзылуы түнгi кезде жөтел мазалайтын.

Зерттегенде: Дем алуы 3-5мин., тыңдағанда сол өкпенiң жауырын астында құрғақ, ысқырған қырылдар естiледi.

1. Диагноз? 2. Емдеу?

Есеп №7.

Бiр жасар балаға – “Қатаралды баспа” деп диагноз қойылады.

Диагноз дұрыс қойылды ма? Қандай АФЕ-ге байланысты диагноз қойылады?

Есеп №8.

2- айлық баланың мұрын арқылы дем алы қиындап, бала еме алмай қалады. Сәби мазасыз, t0 – 36.60 С.

Диагноз? Анасына күтiм және емдеу туралы кеңес беру.

Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

12

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

Пән: «Балалар аурулары»

Тақырыбы

Демікпе. Муковисцидоз. Балалар туберкулезі

Құрастырған Ажаева А. С.

Павлодар, 2013 ж.