Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Тыныс алудың түрі мен жиілігін анықтау

Көрсеткіші: тыныс алудың негізгі сипаттамаларын анықтау.

Керекті құралдар: сағат, қалам, температуралық парақ.

Ескерту: тыныс алуды қозғалыссыз күйде 1 минут бойы санау.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Нєрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру

•анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Тыныштық жағдайды қамтамасыз ету

• балалардың тыныс алу ритмі ырғақсыз, мазасыздық, айқай-шу тыныстың жиіленуіне себепкер болады.

3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию

•жұқпалық қауіпсіздікті сақтау

4. Баланы ынғайлы жағдайда, кеудесі мен ішін көретіндей қылып, жатқызу

•емшара нәтижесін қамтамасыз ету үшін

5. Кеуде торы мен іштің алдынғы қабырғасы қимылдарын көзбен бақылау

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі.

6. Тыныс алудың түрін белгілеу және 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау.

• балалардын тыныс алуы ырғақсыз болуына байланысты, емшара қорытындысын қамтамасыз ету

7. Тыныс қимылдар жиілігін көзбен бақылау арқылы санау мүмкін емес болса, онда қолды кеудеге не ішке орналастырып, 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау (бала жасына сай).

• тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі;

•жас балалардың тыныс алуы ырғақсыз.

8.Температуралық параққа зерттеу қорытындысын жазып алу;

•емшара қорытындысын қамтамасыз ету үшін

9. Қолды жуып,құрғату.

•жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

Мұрын мен жұтқыншақтан жұғын алу алгоритмі

Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау.

Керекті күралдар:

  • резеңке қолғап, маска;

  • стеклограф;

  • стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта домалақшалары бар штатив;

  • стерильді шпатель;

  • лабораторияға жолдама-бланк.

Ескерту. Жұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз қуысын шаюдан бұрын алу

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру

•анасының ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу, лабораторияға жолдама жазу

•шараның айқын түрде өтуін қамтамасыз ету

3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию

•жұқпалық қауіпсіздікті сақтау

4.Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу

5.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды.

•емшараны өткізу үшін қажет шарт

6. «М» деп белгіленген пробирканы оң қолмен тығынынан ұстап, пробиркадан мақта тампонын шығарып алу.

•«М» – мұрынды белгілейтін таңба

7.Мұрыннан жұғын алу кезінде сол колдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет.

• мұрын жолдарының шырышты қабығына жол беруді қамтамасыз ету

8.Тампонды мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісун қадағалау керек.

• өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт

9.Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап пробирканың ішіне орналастыру.

10.Пробирканы штативке қою.

• зерттеу қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз ету

11. Баланы аузын ашуға сұрау, сол қолға алынған шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау.

• жұтқыншаққа жетуге жол ашу

6. «Ж» деп белгіленген пробирканы оң қолмен тығынынан ұстап, пробиркадан мақта тампонын шығарып алу.

•«Ж» – жұтқыншақты белгілейтін таңба

7. Ж» тампонды тіл мен жағына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу

• өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт

  1. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерден шырышты келесі кезек бойынша алу: доға - бадамша безі – тілшік – доға - бадамша безі.

9.Тампонды ауыз куысынан абайлап шығару, пробирканың қабырғасына тигізбей ішіне салу.

• өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт

10. Бессаусақты қолғапты шешпей тұрып, қолды жуу және антисептикпен өндеу.

11.Масканы, бессаусақты қолғапты шешу.

12. Қолды жуып, құрғату.

•жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

13. Материалды бактериологиялық зертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу.

• зерттеу қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз ету