Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Зонд арҚылы тамаҚтандыру алгоритмі

Көрсеткіші:

  • Бала ана сүтімен қоректенгенде емген сүттің орташа көлемін анықтау үшін

Керекті құралдар:

  • бессаусақты қолғап,

  • бас орамал,

  • маска,

  • 37-38 градусқа дейін жылытылған сүт,

  • залалсыздандырылған асқазан катетері,

  • қысқыш,

  • жиырма мл-лік шприц,

  • құралдарға арналған лоток,

  • электр сорғыш не резенке баллон.

Міндетті шаралар: Асқазан катетерінің көлемі бала денесінің салмағына байланысты:

№ 4 мұрын немесе №5 ауыз катетері- баланың дене салмағы 1000 граммнан кем болса,

-№6 мұрын немесе ауыз катетері - баланың дене салмағы 1000-2500 г болса,

№6 мұрын немесе №10 ауыз катетері - баланың дене салмағы 2500 артық болса.

Шала туған балаға зонд еңгізу алдында және еңгізгеннен кейін оттегі беру керек.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу

шараның айқын түрде өтуін қамтамасыз ету

3.Анасының басына орамал, маска кигізу

жұқпалық қауіп-қатерлікті жою

4.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию

жұқпалық қауіпсіздікті сақтау

5.Бас жаңын көтеріп баланы бүйіріне жатқызу, валик көмегімен осы жағдайды нығайту

аспирацияның алдын алуы

6.Катетердің енгізу тереңдігін анықтау: құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді

өсікке дейін өлшеу. Белгі жасау керек.

катетер ас қазан ішінде екендігінің

белгісі.

7.Шприцке шамалы ауа алып, зондқа бекітіп, өткізгіштігін тексеру үшін шприцпен асқазанға ауа еңгізу.

8.Шприц ішінен поршеньді алып тастау.

Шприцті сол қолға алып, қосылып тұрған катетерді екінші-үшінші саусақ арасына өткізу. Катетердің соқыр жағы үстіне қарап тұруы керек.

катетерді сүтке толтырған кезде

ішіндегі сүт ағып кетпеуінің алдын

алуы

9.Ана сүтімен 1/3 көлеміне дейін шприцті толтыру.

10.Зондтың соқыр жағын оң қолға ұстап, зондты ақырын төмен түсіріп, сүтке толтыру (зондтың соқыр жағынан бірінші тамшысы пайда болғанша дейін).

баланың асқазанына ауа кірмес

үшін өткізілетін алдын алушылық

шара.

11. Соқыр жағын үстіне қаратып тұрып зондты сол қолға алу, бұрынғы жағдайына келтіру.

12. Шприц жағынан 5-8 см қашықтықта каттерге қысқыш салу.

катетерден сүт ағып кетпес үшін

13. Қысқыштың дөңгелегін сол қолдын үлкен саусағына орналастыру.

катетер шприцтен жылжып кетпес

үшін

14. Соқыр жаңынан 7-8 см ығысып, зондты оң қолға алу

ылғал зондты еңгізу жеңілге түседі

15. Зондты сүтке малу.

шырышты қабықтарды

жарақаттамау үшін

16. Зондты мұрын не ауыз арқылы

белгіге дейін еңгізу

зондтың тыныс алу жолдарына

түспеуінің алдын алуы

17.Шприцке сүт құю

сүттің асқазанға баяу түсуі асқазан

перистальтикасының күшеюін төмендетеді және құсұдың алдын алады

18. Шприцті көтеріп катетерден қысқышты алып тастау, баланың асқазанына сүтті баяу еңгізу

19. Сүт еңгізіліп болғаннан кейін зондты қайтадан қысқышпен жабу.

асқазанға ауа түспеудің алдын алуы

20. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта оң қолдың бірінші жєне екінші саусақтар арасына зондты қысып, тез қимылмен салфетка арқылы шығарып алу.

құсудың алдын алуы.

21. Бас жағын көтеріп оң жақ бүйіріне баланы жатқызу

аспирацияның мүмкіндігі төмендейді,

асқазан тамақтан тез босайды.

22. Бессаусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату.

23.Пайдаланған құралдарды дез. ерітіндіге салу.

жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы