Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Үлкен еҢбек кӨлемін анықтау алгоритмі

Көрсеткіші:

  • баланың физикалық дамуын анықтау

Керекті құралдар:

  • сантиметрлік таспа,

  • салфетка, спирт.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2. Салфетка көмегімен см таспаны екі жақтан өндеу

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3.Баланы отырғызу немесе жатқызу

балаға ынғайлы жағдай жасау

  1. Бала басының үлкен енбек аймағына см таспаны салу, екі қарама-карсы жақтардың ара қашықтығын өлшеу

өлшеу қорытындысы дұрыс болуын қамтамасыз ету.

  1. Қорытынды көрсеткішін жазып алу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

6.Қолды ұқыпты жуу, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

7. Қортыңдымен баланың анасын танысғыру

бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы Нәрестенің және ерте жастағы баланың таңертенгі туалеті

Көрсеткіші:

  • дене гигиенасын сақтау;

  • баланың таза болу кажеттілігін қанағаттандыру;

  • таза жүру әдетін қалыптастыру

Керекті құралдар:

  • қайнаған су;

  • дәке салфеткалары, мақта домалақшалары;

  • сүлгі немесе жұмсақ жөргек;

  • стерильді өсімдік майы;

  • жөргектейтін үстөлдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

  • резеңке қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш

• қолданылған заттарға арналған лоток;

  • кір киімдерге арналған қап.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Ағынды судың температурасын реттеп алу (орьндаушы өзінің білегіне тексереді).

• күйіктердің алдын алуы

4.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өндеп, оның үстіне жөргек төсеу.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

6. Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстөл үстіне жатқызу.

7.Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу.

• баланы шараға әзірлеу

• баланың ең ыңғайлы жағдайын қалыптастыру

• қоршаған ортаны кірлеуден сақтау

8. Баланың бетін қайнаған суға малынған мақта домалақшасымен абайлап сүрту

• бала терісін тітіркенуден сақтау

9. Қайнаған суға малынған мақта домалақшасымен бала көзінің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өндеу (әр көзге жеке домалақшасы қолданылады).

10. Сол ережемен көзін құрғақ мақта домалақшасымен құрғату.

• бір көзден екінші көзге жұқпаны тасымалдамаудың алдын алуы

• ылғалдың калдықтарын жою үшін және гигиеналық комфортты сақтау үшін

11.Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5 см тсреңдікке енгізу арқылы тазалау (әр мұрын жолына бөлек мақта қолдану). Мактаны мұрынға сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытын өзгермей алып шығу қажет.

• мұрын арқылы бос демалуды қамтамасыз ету

• «қабыршақтарды» жеңіл шығару үшін оларды көкөніс майы көмегімен жібіту

12. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 2 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына бөлек мақта қолдану). Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе керектігіне байланысты тазалау керек.

• есту жолдарының тазалығын қамтамасыз ету

• құлақтағы «құлықты» жеңіл шығару үшін оларды көкөніс май көмегімен жібіту

13. Абайлап баланың иегін басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

• стоматиттердің және ауыз қуысының басқа патологиялық өзгерістерінің алдын алуы

14. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта домалақшасымен өндеу.

Келесі реттілікті қатаң түрде сақтау керек: құлақ арты-мойын-қолтық асты-шынтақ-білек-тізе асты-тірсектабан-шап-жамбас

• базданудың алдын алуы

• шап-жамбас қыртыстары ең кір болғаннан олар ең соңында өнделеді

15. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

• баланың ең ыңғайлы жағдайы

16.Жоргектейтін үстөлдегі жөргекті кір киімге арналған қапқа салу. .Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен сүрту.

Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету