Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Баланың кеуде шеңберін өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар: сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Керекті құралдарды дайындау

шараның айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

4.См таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5.Баланы отырғызу немесе жатқызу

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Сантиметрлік таспаны бала кеудесі торының келесі бағыттары бойынша салу:

  • артқы жағында - жауырынның астыңғы бұрышы

  • алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға).

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

7.Қорытындысын жазып алу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

8. Салфетканы бой өлшегіштен алып тастау

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Баланың бойЫн өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • көлденең бой өлшегіш; жөргек; резеңке бессаусақ қолғабы; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш, қағаз, калам.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Көлденең бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге «өзіне» қаратып орналастыру

өлшеудің дұрыстығына жету

3. Керекті құралдарды дайындау.

шараның айқындығын қамтамасыз ету

4. Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату.

5.Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

6. Бой олшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жактауға тақап жаткызу.

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Баланың тізесінен сәл басып, аяқтарын түзеп жатқызу

  2. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату

  3. Шкала бойынша бала денесінің бой ұзындығын анықтау

шараның айқындығын қамтамасыз ету

11. Баланы бой өлшегіштен алу

баланың кауіпсіздігін сақтау

12. қорытындысын жазу және кортындысын анасына хабарлау.

бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау

13. Өлшегіштен жөргекті алып тастап, бой олшегіштін үстін дезерітіндімен сурткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

14. Қолғапты шешіп қорапқа тастау, қолды жуу және қүрғату.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланың бойын таңертенгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22–240 С.