Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Сабак № 4 Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Табиғи тамақтандыру

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім: БЖАЖИ бойынша 1 жасар балаларды тамактандыру. Табиғи тамактандыру. Емізетін әйелдің күн тәртібі және тамактануы. Сүт шығу механизмі. Уыздың, өтпелі және жетілген сүттің коректендірушілік және биологиялык құндылығы, Қоспаларды енгізу уакыты және техникасы. Емізудің ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламалары.

Икемділік:

  1. Емшектегі балалардың физикалык жағдайын бағалау

  2. Емізу уақытында балаларга бакылау жүргізу

  3. Салмағын өлшеу

  4. Бір жасқа дейінгі балалардың тәуліктік, бір мезгілде ішетін тағамын өлшеу

  5. Емізудің құндылығы туралы ата-аналармен әңгіме жүргізу.

Дағды:

  1. Баланың дене салмағын өлшеу

  2. Анасы мен баланы емізуге дайындау

  3. Бақылаушылық өлшеу өткізу

  4. Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, 18-69, 71-89 бет

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

Сабақ бөлімінің атауы

Уақыты -

180 мин.

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин.

2

Ұй тапсырмасының актуализациясы

20 мин.

3

Эксперттік топшалармен жұмыс істеу

20 мин.

4

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу

85 мин.

5

Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту

45 мин.

6

Рефлексивті бағалау кезеңі:

  • Сабақты қорытындылау

  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру

5 мин.

2 мин.

3 мин.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар

1

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру

  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

  • Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

  • жұмыс орынында уақытында болу

  • жұмыс орынын сабаққа дайындау

  • сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу

-сабаққа дайын болу

Ежова Н.В., Педиатрия

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

2

Ұй тапсырмасының актуализациясы

-мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді

-берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді

-оқушылардың орын алмастыру

жағдайын тексереді

әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді

бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады

өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер

3

Эксперттік топшалармен жұмыс істеу

-оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады

-Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді

Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.

4

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу

Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі

Өз бетімен жұмыс істейді

Жіберілген қателерін дұрыстайды

5

Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

- Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттерге әр түрлі міндеттер береді,

- тексеру материалдармен қамтамасыз етеді

  • бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.

өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер

6

Рефлексивті бағалау кезеңі:

  • Сабақты қорытындылау

  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру

-ең үздік оқушыларды мақтайды

  • әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі

І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Табиғи тамқтандыру деген не?

  2. Емшек ему маңызы қандай?

  3. Уыз және сүт құрамы айырмашылығы қандай?

  4. Сүттің түрлері қандай?

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Табиғи тамақтандырудың он принциптерін айтыныз.

  2. Ана сүтінің артықшылықтары қандай?

  3. Сиыр сүтімен әйел сүтінің сапалық айырмашылығы қандай?

4.Ана сүтін емізуге болмайтын жағдайлар қандай?

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

  1. Лактацияның бұзылуы неге байланысты?

  2. Сүт безі ұшының тіліну клиникасы және емі?

  3. Емшектен шығару және берілетін ақыл-кенес қандай?

  4. Табиғи тамақтандыруда қосымша тамақ беру мерзімі?

2 қосымша

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.