Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Бала өмірінің кезеңдері.

  2. Баланың физикалық дамуы.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Балалардың нерв жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

  2. Бала терісінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Тері асты шелмайының анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

2. лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

2 қосымша

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

Алгоримдер Баланың салмағын элекТронды таразымен өлшеу алгоритмі

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

  1. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  2. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар: электрондық таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; қағаз, қалам.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

3.Керекті құралдарды дайындау.

өлшеудің дұрыстығына жету

шараның айқындығын қамтамасыз ету

4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру.

шараның айқындығын қамтамасыз ету

5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.

  1. Баланы таразыға жатқызу.

  1. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу.

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

  1. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу.

тексеру қорытындысын құжаттандыру

  1. Таразыдан жөргекті алып тастау.

таразының дұрыс реттелуін сақтау

  1. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Баланың дене салмағын Табақшалы таразЫмен өлшеу алгоритмі

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

  • баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  • баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; қағаз, қалам.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Таразыны тегіс орнықты жерге орналастыру.

3. Керекті құралдарды дайындау

4. Таразы күршегінің жабық тұрғандығын тексеру

өлшеудің дұрыстығына жету үшін

шараның айқындығын қамтамасыз ету

5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

6. Таразы табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру үшін

8.Таразы тастарын нөлдік бөлікке қою.

9.Күршекті ашып таразыны қарсы салмағымен теңестіру.

10.Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу

өлшеудің дұрыстығына жету

шараның айқындығын қамтамасыз ету

11.Күршекті ашып таразының төменгі бөлігінде орналасқан килограммдық тасты штанга төмен түскенше дейін жылжыту, одан кейін тасты солға қарай бір бөлікшеге ауыстыру.

  1. Тепе-теңдік орналасканға дейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты ырғақтап жылжытады

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

13.Күршекті жауып, баланы анасына беру

таразының дұрыс реттелуін сақтау

14. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

  1. Жөргекті таразыдан алып тастау

  2. Жөргектеу үстөл үстін дезерітіндімен сүрту

17. Саусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отрғаннан кейін өлшеу керек.