Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

1

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

Пән: «Балалар аурулары»

Тақырыбы

Кіріспе балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырылуымен және негізгі принциптерімен танысу. Баланың физикалық дамуы. Бала өмірінің кезеңдері. Балалардың нерв жүйесінің, терінің, тері асты шелмайының, лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Құрастырған Ажаева А. С.

Павлодар, 2012 ж

Сабак № 1 Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Кіріспе балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырылуымен және негізгі принциптерімен танысу. Баланың физикалық дамуы. Бала өмірінің кезеңдері. Балалардың нерв жүйесінің, терінің, тері асты шелмайының, лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Сабақ мақсаты

1.Дидактикалық

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

  1. Педиатрия сау және науқас бала туралы ғылым және оның жалпы медицина жүйесінде алатын орны.

  2. балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырылуымен және негізгі принциптерімен танысу

  3. Сау және науқас баланың анамнезін жинау және оларды қарап тексеру әдістемесі. Медициналық этика мен деонтологиянын негіздері.

  4. Баланың физикалық дамуы.

  5. Бала өмірінің кезеңдері.

  6. Балалардың нерв жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

  7. Бала терісінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

  8. Бала тері асты шелмайының анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

  9. Бала лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Икемділік:

  1. балалардың бойы мен салмағының көрсеткіштерін анықтау

  2. бала салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

  3. антропометрия көрсеткіштеріне байланысты баланың физикалық дамуын бағалау теріні қарап тексеру, пальпациялау, тері серпімділігін және қалындығын тексеру, жасқа байланысты баланың нерв- психикалық дамуын бағалау

  4. тері асты шелмайдың қалыңдығын бағалау

  5. жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

  6. балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау

Дағды:

  1. Бала салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

  2. баланың физикалық дамуын бағалау

  3. теріні қарап тексеру, пальпациялау, тері серпімділігін және қалындығын жасқа байланысты тексеру

  4. баланың нерв- психикалық дамуын бағалау

  5. тері асты шелмайдың қалыңдығын бағалау

  6. жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

  7. балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам, табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

Сабақ бөлімінің атауы

Уақыты - 180 мин.

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин.

2

Ұй тапсырмасының актуализациясы

20 мин.

3

Эксперттік топшалармен жұмыс істеу

20 мин.

4

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу

85 мин.

5

Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту

45 мин.

6

Рефлексивті бағалау кезеңі:

  • Сабақты қорытындылау

  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру

5 мин.

2 мин.

3 мин.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақ мақсатын қою

  • Оқу жұмысының мотивациясы

  • Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру

  • Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық

  • Эмоциялық күй жасау

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру

  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

  • Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

  • жұмыс орынында уақытында болу

  • жұмыс орынын сабаққа дайындау

  • сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу

  • сабаққа дайын болу

Ежова Н.В., Педиатрия

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар

2. Операция-танымдық кезеңі

2.1 Үй тапсырмасын тексеру.

  • студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді

  • берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді

  • оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді

  • әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді

  • бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады

өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер

2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі

Сабақтың алдында студенттерге өздігінен жұмыс істейтін өндеулерді ашқызып, жұмыс кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін түсіндіреді.

Жұмыс үшін керек материалдармен танысып, жаңа іскерлікке үйрену кезеңіне дайындалады

Оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер,

қуыршақтар, жөргектер, бала киімі, мақта домалақшалары, сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам, табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, орамал

2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені

Үйрету кезеңінде студенттер жұмысының сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды

Алгоритмдерді сапалы,дұрыс істеуге тырысады

2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі

Оқушыларға екі түрлі тапсырма беріледі:

  • Әрбір студенттің үйренген алгоритмдерін тексереді

  • Тесттерге жауап бергізеді

Студенттер жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.

Тесттер жазып, бір бірінің жауаптарын тексереді

3. Рефлексивті бағалау кезеңі

3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі

Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді

Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады

Сүйек - бұлшықет және тыныс алу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Балалардың қанайналым және қан түзу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы.

3.2 Сабақты қорытындылау

ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады

әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі