Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Ұлт тағылымы

Бүгін жаһандану үрдісіне қарамастан, ұлттық мемлекет пен ұлттық тәуелсіздік – адамзат тіршілігінің іргелі жолы. Бүгін ұлттық патриоттық күштердің ықпалын есепке алмай, әлемді тану, болжау мүмкін емес екендігі ақиқатқа айналды. Социализм, капитализм, дейді кейбір ғалымдар, ұлт құдіретінің қасында сына қалатын жай ғана шөп сияқты.

Бірақ, бір ұлт бір мемлекет құрайтын жағдай сирек. Аталған халықаралық пак­тының 27-бабында этностық, діни және тілдік азшылық топтардың мүддесін қор­ғау­ға да зор мән берілген. Осыдан ұлт мә­селесін шешу – қайырымды істердің ішіндегі ең қауіптісі деген сөз шыққан. Кейде тығырыққа тіреліп, шешімін табу мүмкін болмайтын жағдайлар да бар. Адамдар­дың нәсіліне, ұлтына, наным-сеніміне қа­ра­мас­тан, олардың таңдауын, еркін ойлау – басты қағидалардың бірі. Осы тұрғыдан Таулы Қарабақ армяндарының құқын құрметтеу – заңды талап. Сонымен бірге, мем­лекеттің территориялық тұтастығын мойындау, Әзербайжан елінің бүтіндігі тұрғысынан армяндардың әрекеті ха­лықаралық қағидаларға қайшы. Таулы Қарабақтың қасіреті осында.

Сондықтан тәуелсіздік алған елдердің тарихы алуан түрлі, әр ұлттың тәуелсіз­дік­ке қол жеткізуі, отарсыздану жолдары­нан өтуі әрқилы. Қазақ тарихында отар­шы­лық­қа қарсылық үздіксіз жалғасып келді. Тіпті 30-жылдарғы қуғын-сүргін қа­зақтың бұғанасын сындырғанмен, 50-жыл­дардың екінші жартысы мен 60-жылдар­дың ба­сын­да қарсылық Қазақстанда қайтадан күшейді. Бұл «жылымық», И.Сталиннің жеке басына табынушылықты сынау, ұлт­шылдар деп айып тағылған­дарды ақтау заманы еді. Осы кезде одақтас респуб­ли­калардың құқын кеңейту, өз мәселелерін өздері шешуге мүмкіндік беру де, әсіресе, экономика, білім, мәдениет салаларында қолға алынған. Екінші жағынан, халық­тар­дың еркіндікке ұмтылуы үрей туғызды.

Аралық, ағымдық бақылау түрі - диктант.

І семестр

Тәуелсіз Қазақстан

Мен – Қазақстан азаматымын. Өзімнің осындай елде дүниеге келгеніме мақтанамын. Менің бала кезден бергі арманым-жақсы адам болу еді. Жақсы болу- өзіңді де, өзгені де сүю екен. Отанды сүю екен. Мен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұратын қазақ елін сүйемін. Қазақ елі қаншама қиындықтап өтті. Атамекенінен жер ауып та кеткендері қаншама? Дегенмен, өз жеріне деген махаббатпен ұрпағын сақтап қалуға деген көзсіз ерлік ата-бабаларымыздың рухын түсірмеді. Содан да болар, әлемде жер көлемі жағынан он ірі мемлекеттің қатарынан орын алатын қазақ жері жат елдіктерге бұйырмады. Мен халқы сан жағынан көп бола тұра алақандай өз жері жоқ елдерді білемін. Тағдырдың түрлі жолдарында өз жерінен айырылып қалған мемлекеттерді де білемін. Ал Қазақстан олай емес.

Қазақ елі өз тәуелсіздігі жолында ұзақ та қиын жолдардан өтті. Бірақ мойымады, жасымады. Бұл тәуелсіздікті даңқты ата-бабаларымыздан бастап, кешегі өткен Қайрат пен Ләзаттар да көре алмады. Олардың баянды болашақ үшін күресі текке кетпеді. Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Біздің еліміз- бай ел. Қазақстан -өз астығымен, жер асты кендерімен, ғажайып табиғатымен даңқы шыққан ел. Дүние жүзіне танымал ұлы адамдары мен қоғам қайраткерлері бар ел. Тамаша қалалары мен белгілі оқу орындары бар ел. Еңбек пен бейбетшілік қалайтын ел. Сондықтан да болар, Қазақстанның елдік рәміздерінен достық пентатулыққа шақыратын, бостандық пен тыныштықты қалайтын белгілерді көптеп кездестіруге болады. Қазақстан – түрлері әр алуан болғанымен, жүректері бір, тілектері бір адал жанды адамдардың Отаны, алтын бесігі.

Аралық, ағымдық бақылау тапсырмалары:

ІІ семестр

Бақылау түрі: тест тапсырмасы