Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

7. Лексикалық түсініктеме.

апталу – безендірілу

таң-тамаша қалдыру – таңдану

алмас қылыш – қару

болат қанжар - қару

бешпент – жеңсіз ұлттық киім

асатаяқ – хандар, патшалар ұстайды

мүйізді ат–

қанатты ат–

ежелгі–көне, баяғы

қорған – зиратты қорған деп те атайды

мұра – бабадан қалған зат

соның дені–барлығы

қайран қалу–таң қалу

бұйым– зат, нәрсе

8. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз.

1. Қазақ археологы Кемел Ақышевтың ашқан сенсациялық жаңалығы әлем ғалымдарының дала туралы түсінігін төңкеріп тастардай ....

2. Ол тапқан алтын киімді адам ә дегеннен-ақ ... .

3. Ең ғажабы – ол бүтіндей алтынмен ... .

4. Бірге жерленген жауынгерлік қаруы – алмас қылыш пен болат қанжардан басқасы ... .

5. Жұқа көйлегі де, бешпенті де, етігі де, шошақ бөркі де, асатаяғы да, қамшысы да бәрі ... .

6. Ал бас киімі 200-ден астам неше түрлі алтын зер, әшекей заттармен ... .

7. Олардың көпшілігі барыстың, таутекенің, арқардың, аттың құстың ... .

8. Есік қорғанынан барлығы 4 мың алтын бұйым табылса, соның дені бір адамның ..

9. Бір ғана бешпент 3 мыңға жуық алтын заттармен безендірілген

дегенге ... .

10. Осындай мұра қалдырған бабаларымыз үшін қалайша ... .

Жыр жаттаңыз.

Шежіремді ұрлапты....

Зулапты күн.

Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.

Алтын адам шынымен

Қазақ болса,

Білген екен құнының қымбаттығын.

(М. Мақатаев)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мәтінде қандай қару түрлері аталған?

  2. Мәтінде қандай қазақ киімінің түрлері аталған?

  3. Мәтінде қандай аң түрлері аталған.

Әйгілі қазыналардың бірі – тутанхамон қазынасы

Каирдағы Египет мүзейінің ең басты жәдігері – Тутанхамон қазынасы.

Сұлулықтың белгісіндей саналатын Нефертитидің ғажайып мүсінін білмейтін жан болмаса керек. Тутанхамон – сол Нефертитидің күйеу баласы. Тарихта Тутанхамонның 12 жасында таққа отырғаны, жасы жиырмаға жетпей дүниеден өткені анық.

1923 жылдың басында ағылшын зерттеушісі Говард Картер сенсациялық жаңалықты жариялады: перғауын Тутанхамонның тұтастай алтыннан құйылған бейіті табылыпты.

Картер перғауындар қазынасын жеті жыл бойы іздеген еді.

Тутанхамон бейіті үлкен-үлкен үш бөлмеден тұрады. 1924 жылы ағылшын экспедициясы перғауын бейітінің алдыңғы камерасының өзінен ауыр-ауыр 34 контейнерге толы асыл зат алып шыққан. Қазір Тутанхамон қазынасы Каирдағы Египет музейінің 10 залын тұтастай алып жатыр, оның жалпы көлемі кәдімгі футбол алаңына теңеседі...

Не жоқ десеңізші мұнда! Алтындатқан алып ағаш табыт, онан кейін сәл кішілеу алтындатқан емен табыт, онан сәл кішілеу тағы бір табыт, онан кейін сәл кішілеу тағы бір табыт... Кәдімгі қазақтың “Ақ сандық, ақ сандықтың ішінде көк сандық” дейтіндей, бұлардың бәрі бейітте бір-бірінің ішіне салынған. Төртінші табыттың ішінен табиғатта аса сирек кездесетін кристалл кварциттен тұтас ойылған саркофаг шыққан, оның ішінен бір-біріне салынған тағы үш саркофаг тұтастай алтыннан құйылған, ішінде перғауынның мумияланған денесі жатыр. Мумияның беті алтын бетпердемен қапталған. Саусақтарында алтын сақиналар, мойнында қосарланған алтын алқа. Саркофагтың салмағы 110 кило таза алтын!

Ең бастысы бұл да емес. Ең бастысы – сол алтыннан, сом алтыннан ғажайып өнер туындысы жасалғанында. Тутанхамон қазынасының зергерліктің де, мүсін өнерінің де шырқау шыңға шыққан шеберлік үлгісі екендігінде.

Тутанхамон бейітінің үлкен-үлкен үш бөлмесінде адамның о дүниедегі өмірі үшін не керектің бәрі бар. Алтын тақ, алтын төсек, алтындатқан күймелер, алтын-күміс аралас қорамсақтар, садақтар, жебелер, алтын табақ, піл сүйегінен оймышталған орынтақтар, тамақ салынған жәшіктер, өсімдік дәндері ...

Тутанхамон қазынасы – Египет перғауындары бейіттерінің ішіндегі тоналудан аман қалған жалғыз бейіт. Тутанхамон небәрі 6 немесе 7 жыл билік құрған, 18-19 жасында өмірден өткен, яғни оған деп алтын жинастыруға небәрі алты-жеті жыл ғана кеткен. Ал жасы тоқсаннан асып өмірден өткен атақты Рамсес ІІ-нің бейітінде қанша алтын болғанын енді өзіңіз шамалай беріңіз! Тутанхамон бейіті 3 бөлмеден тұрса, Рамсес ІІ-нің тұтастай тоналған бейіті 43 бөлмеден тұрған! Адам қиялы жетпейтіндей қазына бұл.

Тутанхамон қазынасын көрген сәтте сіз адамның ұлылығы туралы ойға қаласыз, өзіңіздің адам нәсілінен екеніңіз үшін мақтаныш сезіміне бөленесіз. (Сауытбек Абдрахманов. “Егемен Қазақстан”, 2002 жыл, 25 қазан).

Сұрақтарға жауап беріп көрелік:

а) ХХ ғасырдың ең белгілі апхеологиялық жаңалықтарын атаңыз.

б) Тутанхамон қазынасы қайдан табылған?

в) Есік қаласының қазынасы қайдан табылған?

г) Перғауынт тутанхамон кім еді?

Салыстырыңыз, жазыңыз, жалғастырыңыз

Алтын адам

Екеуіне де ортақ

Тутанхамон

а. 17-18 жасар сақ жауынгері

ә. ..............................

б. .............................

в. ..............................

а. ХХ ғасырдың археологиялық жаңалығы

ә. Екеуі де алтынмен апталған заттарының бәрі алтыннан жасалған.

а. 18-19 жасар египет перғауыны

ә. ..............................

б. .............................

в. ..............................

12. Грамматика.

Анықтауыштық қатынастың берілуі

«Алтын адам» туралы мәтіндегі есімшелерді анықтауышқа айналдырыңыз: бағаланған, тұжырымдаған, апталған, безендірілген, таңбаланған, өрнектелген.

Үлгі: Көне ескерткішті бағалаған ғалым.

13. «Тутанхамон қазынасы» туралы мәтіннен есімшелі тіркестерді табыңыз.

Төменде берілген есімшелермен сөйлем құраңыз: сұлулықтың символындай саналатын, ғажайып мүсінін білмейтін жан баласы, алтыннан құйылған бейіт, алтындатқан ағаш табыт, кварциттен тұтас ойылған саркофат, қосарланған алтын алқа.

14. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Тутанхамон бейітінің үлкен-үлкен үш бөлмесінде о дүниедегі өмірі үшін не керектігінін бәрі бар:

  • алтын тақ

  • алтын төсек

  • алтындатқан күймелер

  • ......................................

  • ......................................

15. Алтын адам және Тутанхамон қазынасы туралы автордың қорытындысы қандай? Сіздің қорытындыңыз қандай?