Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі

6.1. Негізгі әдебиет:

1. Күзекова З., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі.Алматы, Раритет баспа компаниясы, 2011 ж.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған. Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997.

3. Мұсабекова А., Қазақ тілі Алматы, 2009 ж.

4. Қамзебаева Р.Е. Қазақ тілін үйренушілерге грамматикалық минимум. Астана, 2001.

5. Бектұров Ш., Бектұрова А. Казахский язық для всех. Алматы, 2004.

6. Сүлейменов Ғ.Д., Қадашева Қ.К., Ақанова Д.Қ. Бейнежазба: Қазақ тілі-казахский язык. Учебный комплекс (виеоучебник в комплекте с кассетой).

7.Күзекова З. Қазақ тілі. Тілді оқып-үйренудің бастапқы кезеңіне арналған оқу құралы. Алматы: «Раритет». – 2005.

9. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, «Ғылым», 2001.

6.2.Қосымша әдебиеттер:

1. Жунисбеков А. Самоучитель казахского языка. Алматы, «Атамұра», 1996.

2. Қазақша-орысша тілашар (Разговорник для студентов ВУЗа).

3. Абай. «Қалың елім, қазағым». Алматы, «Жалын». 1995 ж.

4. «Абылай ханның қамқа тоны және Байдалы би». Астан. «Күлтнгін», 2007ж.

5. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, «Көшпенділер». 2002ж.

6. «Тәуелсіздік толғауы». Астана. «Егемен Қазақстан». 2002ж.

Қосымша пайдаланылған оқу құралдары мен ОӘК:

1. Журналистика мамандығына арналып жасалған ОӘК. Мұсабекова А.А

2. Филология мамандығына арналған ОӘК. Мұсабекова А.А.

3. Педагогика мамандығына арналып жасалған ОӘК. Тойбекова С.Р.

4. Заңгер мамандығына арналып жасалған ОӘК. Мұратова Г.Ә.

5. Экономика мамандығына арналып жасалған ОӘК. Күзекова З.С.

6. Халықаралық қатынастар мамандығына арналған ОӘК Күзекова З.С. т.б.

7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау

Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында әр пән бойынша білім алушының үлгерімін бақылау ағымдық бақылау, кезеңдік және қорытынды аттестаттау болып бөлінеді.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау дегеніміз

оқытушының сабақ кестесі бойынша сабақтарда оқу бағдарламасына сәйкес

білім алушының білімін жүйелі тексеру.

Сонымен білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау пәнді оқыту барысында оқытушы тарапынан жүргізіледі. Оның мақсаты – теориялық оқу материалын меңгергені мен түсінгендігін, теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуде қолдана білуін және т.б. жүйелі тексеру.

Ағымдық бақылаудың мүмкіндіктері өте зор: оқыту уәжділігі, оқу-танымдық әрекетін ынталандыру, әр білім алушының жеке бабын табу, оқытуды жекелендіру және т.б.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасында, қажет жағдайында силлабуста да ағымдық бақылаудың әдістері нақты анықталады: ауызша бақылау (сұрау, әңгімелесу, баяндама, мәтін оқу, берілген тақырыпқа хабарлама жасау барысында және т.б.); жазбаша бақылау (жазбаша түрдегі бақылау жұмысы, шығарма, реферат, жазбаша түрде берілген тақырып материалын мазмұндау және т.б.); аралас бақылау; БӨЖ-ді презентациялау; практикалық бақылау (практикалық тапсырмалар және т.б.); бақылау әдісінің бір түрі қадағалау; графикалық бақылау; бағдарламаланған бақылау; зертханалық бақылау; проблемалық жағдайлар және т.б.

Қорытынды бақылау – аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі.

Қорытынды бақылаудың мақсаты – оқу пәнін толық меңгергенін айқындау, оқу материалын түсінгенін, оқу материалы мазмұнының өзарабайланысын, оны меңгеру логикасын көрсету және т.б.

Жоо-да қорытынды бақылау мамандықтың МЖМБС негізінде жасалған модульдік білім бағдарламасына, білім алушының жеке жоспары мен жұмыс оқу жоспарына, акдемиялық күнтізбеге және пәннің бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес емтихан түрінде жүзеге асырылады.

Әр оқу пәні бойынша емтихандарды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезең басталысымен бір ай ішінде жоо-ның (факультеттің) Ғылыми кеңесінің шешімен бекітіледі. Бұл ауызша емтихан, жазбаша емтихан, кешенді емтихан (мысалы, егер модульде бірнеше пән қарастырылса), тестілеу формасындағы емтихан (қолымен тексерілетін бланкілік тестілеу, есептеу құрылғылары мен компьютерлік техниканы пайдаланып тестілеу), кешенді тестілеу және т.б.

Бұл кезеңде, әдетте, пәнді оқыту қорытындысы шығарылып, оқытудың келесі кезеңіне ауысу мүмкіндігі анықталады.

Жоғары мектеп тәжірибесінде бақылау білімді, шеберлікті және дағдыны бағалаумен тығыз байланысты.

Білімді бағалау дегеніміз білім алушының жетістік деңгейін оқу

бағдарламасында сипатталған эталондық көрсеткіштермен салыстыру

үдерісі.

Бағалау мақсаты – білім алушының оқу-танымдық әрекеттерін бағыттау және ынталандыру.

Бағалаудың негізгі талаптары: объективтілік, жариялылық және түсініктілік, ықпалдылық, жан-жақтылық, маңыздылық және беделділік.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін барлық бақылау түрлері – үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестаттау – бойынша бағалау баллдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік жүйеге сәйкес («А» әрпінен «D» әрпіне дейін кему дәрежесі бойынша дұрыс баға, «F» – «қанағаттанарлықсыз») №2 кестеде көрсетілген 4 баллдық сандық эквивалентке сәйкес баллдармен бағаланады [3, 11-б.].

Кесте №2. Төртбаллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

А-

3,67

90-94

үздік

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

жақсы

В-

2,67

75-79

жақсы

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

қанағаттанарлық

D+

1,33

55-59

қанағаттанарлық

D

1,0

50-54

қанағаттанарлық

F

0

0-49 0-49

қанағаттанарлықсыз

Білім алушылардың оқудағы жетістіктер деңгейі оның өткізу-рейтинігісі мен аралық аттестаттау бағаларынан шығарылатын қорытынды бағамен анықталады.

Өткізу рейтингісі білім алушы үлгерімінің ағымдық бақылауының бағалары мен аралық бақылау (академиялық кезеңде 2 аралық бақылау өткізіледі) бағаларының қосындысынан шығарылады.

Үлгерімнің ағымдық бақылау бағасы ағымдық бағалардан шығарылады: аудиториялық сабақ барысында, зертханалық жұмыстардың БӨЖ-дің орындалуына және т.б. қойылатын бағалар.

Ағымдық және аралық бақылау нәтижелері бойынша бағаны сабақ жүргізетін оқытушы қояды [1, 46-тармақ]: «Сабақ жүргізетін оқытушы ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрін өткізеді де, білім алушының ағымдық үлгеріміне сәйкес бағасын шығарады (ағымдық және аралық бақылаудың орташа арифметикалық бағасы). Бұл жағдайда білім алушылардың оқудағы жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100-баллдық шкала бойынша бағаланады».

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім мен қорытынды бақылаудың (емтихан бағасы) бағаларының қосындысынан шығарылады. Ағымдық үлгерім бағаның үлесі білім алушының оқу пәнінің бағдарламасын игеру дәрежесінің қорытынды бағасының 60%-нан кем болмайды. Қорытынды бақылау бағасы осы оқу пәні бойынша білімін қорытынды бағалаудың 40%-нан кем болмайды [1, 47-тармақ].

Оң қорытынды баға пәнге сәйкес бекітілген кредит сандарымен жалпы меңгерілген кредиттерді толықтыру үшін негіз болады да, білім алушының транскриптіне түсіріледі.

Білім алушы қорытынды бақылау (емтихан) бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді [1, пп.48].

Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтеру мақсатында сол аралық аттестация кезінде қайта тапсыруға рұқсат берілмейді [1, пп.49].

Білім алушы оң баға алу үшін келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде ақылы негізде осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарында қарастырылған барлық оқу сабақтарына қатысып, өткізуге рұқсат алады да, қорытынды бақылауды тапсырады [1, пп.50].

Пәнді оқып болғаннан кейін қорытынды бағаны қою кезінде мына ережелерді басшылыққа алу ұсынылады [6;7]:

«Үздік» А сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мазмұны 95-100% және А- сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық мазмұны 90-94% оқу материалын қатесіз және кемшіліксіз жүйелі, толық, нақты және терең меңгергенде қойылады.

«Жақсы» В+ сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мазмұны 85-89%; В сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық мазмұны 80-84%; В- сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мазмұны 75-79% білім алушы бағдарламалық материалды 75%-дан кем меңгермеген және дөрекі қателік жіберілмеген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» С+ сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық мазмұны 70-74%; С сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық мазмұны 65-69%; С- сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық мазмұны 60-64%; D+ сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мазмұны 55-59%; D сандық

эквиваленті 1,0 және пайыздық мазмұны 50-54% бағдарламалық материалды

50%-дан кем меңгермеген, әйтсе де айтарлықтай қиындықтары бар, бірақ ары қарай оқуды жалғастыруына кедергі болмайтын кемшіліктері болған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» F сандық эквиваленті 0 және пайыздық мазмұны 0-49% бағдарламалық материалды меңгермеген, білім алушы оқу пәні мазмұнының жартысын игере алмаған, ары қарай оқуды жалғастыра алмағанда қойылады [6, 8-9-б.].

Силлабустың «Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау» атты 7-тармағын толтыруда мына мәселелерді анық және нақты анықтап алу керек: Бақылау қалай жүзеге асырылады? Бақылаудың қандай түрлері қолданылады? Білім алушылардың білімін бағалау қалай жүзеге асырылады?

Мысалы, оқытушылар силлабуста білім алушылардың белсенді танымдық әрекетін ынталандыру үшін қосылатын баллдар мен сабаққа қатыспағаны, кешіккені үшін, БӨЖ тапсырмаларын өткізу уақытынан кешіктіргені үшін мүмкін айыппұл шаралары және т.б. анық көрсетілуі керек, семестр бойындағы ағымдық бақылау бағаларының міндетті саны мен аралық бақылау нәтижелерінің емтиханға өткізудің жалпы бағасының пайыздық үлесін келтіруі қажет.