Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

17. Мәтіннің мазмұны мен идеясы не туралы?

Жеке адамдардың кітапханасына бекер мән бермейміз.

Әлкей Марғұлан – қазақ тарихында орны толмайтын оқымысты. Естуімше, ғалымның артында қалған өте сирек кездесетін жүздеген, мүмкін мыңдаған өте құнды кітаптар бар тәрізді.

Пушкин өз заманында алдына жан салмаған білімді адам болған. Ол он бір жасында әкесінің өте үлкен кітапханасын түк қалдырмай оқып шыққан. Және ол кітаптардың бәрі де тек француз тілінде жазылған. Басқаша айтсақ, Пушкинді жаратқан құдай болса, оны ұлы адам қылған – ұлы кітапхана!

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дейді ұлы Абай. «Кітап – білім бұлағын қоссаңыз, тіпті кітаптың құнының қандай екенін байқау қиын болмаса керек. Бұл аз десеңіз, орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин соңғы демі бітер шағында адаммен емес, том-том кітаптарымен қоштасыпты. Мұның бәрі − рухани дүниенің ішіндегі кітаптың ерекше орнын көрсететін дәлел».

(«Жас Алаш», 19.02.2000)

а) Шартты райы сөйлемдерді табыңыз.

ә) Мәтіннен Абайдың сөзін табыңыз.

б) -ді жалғаулы сөздерді табыңыз, айырмашылығын түсіндіріңіз.

Ақпараттарда не туралы айтылған?

Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде жоқ, теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол – осы өткен жиырмасыншы ғасырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының жемісі.

Жаңа жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген әлемнің сегізінші ғажайыбы – Александрия кітапханасы қалпына келтірілді.

«Жас Алаш», 19.02.2000)

18. Кітап – білім бұлағы, кітапхана – ғажайып қазына деген тақырыпта өз бетіңізе мәтін жазыңыз.

19. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Қай кітапты екі рет, үш рет оқыдыңыз?

ә) Өзіңізге ұнаған кітап туралы қысқаша әңгімелеңіз.

б) Қазақ ақындарынан кімді оқисыз? Қандай өлеңін жатқа білесіз?

20. Досыңызбен немесе көршіңізбен оқыған кітаптарыңыз туралы әңгімелесіңіз. Даналар сөзін тыңдайық

Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау – тек қана ғылым емес, сонымен қатар өнер де.

(Н.А.Рубакин)

Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.

(Плутарх)

Жақсы кітапты алғаш оқығана жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағыда кездестіргенмен бірдей.

(М.Вольтер)

Жақсы кітапты оқу - өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

(Р.Декарт)

Грамматикалық түсініктеме

Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар мыналар:

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (ақыл+ды, өнер+лі, белгі-лі).

Қатыстық сын есім (Относительные прилагательные). Белгілі бір заттың сын-сипаты мен белгісіне басқа бір заттың қатысы (Относительные имена прилагательных обозначает признак предмета по его отношению к другим предметам и явлениям).

Мысалы: ақылды адам, белгілі саяхатшы, бағалы еңбек.

Бастауыш. Сөйлемдегі қызметі. Бастауыш зат есімнен не зат есім орнына жүретін басқа сөздерден жасалады. Басқа сөз таптары бастауыш қызметінде жұмсалғанда, олар заттанып барып атқара алады. Ондай сөз таптары – сын есім, сан есім, етістік, үстеу және одағай (Подлежащее, как грамматическая форма субъекта, выражается в основном именами существительными и личными местоимениями. Все остальные имена и некоторые глагольные и наречные формы могут употребляться в функции подлежащего в том случае, если они, субстантивируясь, употребляются вместо имени существительного). Мысалдар: Ешкім бүгін киноға бармайды. Жұмыстың жаманы жоқ. Оқыған – мыңды жығады, Оқымаған бірді жығады. Он екіге бөлінеді.

21-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіндерден бастауыш болатын сөздерді табыңыз. Олардың қай сөз табынан жасалғанын айтыңыз.

Баяндауыш. Сөйлемдегі қызметі. Етістіктен өзге зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, тағы басқа есім мәндес сөздер сөйлемнің соңынан келіп, баяндауыш болады (Имена широко используются в функции сказуемого как в основной, так и в аффиксальной (даже падежной) формах. Они выражают предметные, качественные и другие признаки, исходящие от подлежащих ). Мысалдар: Дала – боран. Бала көңілді. Бесінші аудитория біздікі. Ахметбек осында. Мен биыл он сегіздемін.

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

22-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, баяндауыштары қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңіз.

Кітап шығару жөнінен Жапония − алдыңғы қатардағы елдердің бірі.

Сонда жыл бойына оқитындары – бір кітап, әрі кеткенде, бес кітап.

23-тапсырма. Мына сұрақтар төңірегінде сөйлей аласыз ба?

• Ең алғашқы кітаптар

• Ең алғашқы кітапханалар

• Ең үлкен кітап

• Ең кішкентай кітап

• Ең үлкен кітапхана

• Отырар кітапханасы