Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

10 Сабақ Ұлы адамдар өмірі Ахмет Байтұрсынов

Отызыншы жылдары сталиндiк озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушiсi, ақын, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсыновтың ардақты есiмi ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы қайтып оралды.

А.Байтұрсынов Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келген. Ахметтi «Өмiрбаянында» көрсетуiнше, мешiн жылы (1872) Торғай уезi, Тосын болысы 5 ауылда туған. 1886-1895 жылдары Орынбордағы мұғалiмдiк мектепте оқып, бiлiм алады.

1895 жылдың маусым айының 1-нен бастап мұғалiм болады, бала оқытады. Әдiлет үшiн күреседi, байларға қарсылық бiлдiредi, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең-жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды.

Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басында) А.Байтұрсынов қозғалыс көсемдерiнiң бiрi болады.

1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интелегенциясының көптеген өкiлдерiмен бiрге Кеңес үкiметi жағынан өтедi. Қазақ өлкесiн басқару жөнiндегi әскер-революциялық комитеттiң мүшесi ретiнде оның тұрмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкiл Одақ Орталық Атқару комитетiнiң мүшесi, коммунистiк партия мүшесi (1920-1926 жылдар), Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшiсi, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтiп жаңа заман үшiн күреске түседi.

Сталинизм тұсында А.Байтұрсынов әуелi 1929 жылы бiр ұсталып, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды.

А.Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерi санатында жасаған еңбегi, көрген азабы, болашаққа сенген үмiт-арманы-баршасы туған халқына, халқының болашағы үшiн қызмет етуге арналған.

Сөздiк

ардақты – уважаемый, чтимый

нұсқа – образец

қозғалыс – восстание, движение

қылышынан қан тамған – кровавый

репрессияға ұшырау – быть репрессированным

санатында – здесь: как, в качестве

қателiк – ошибки

түңілу – потерять надежду

сары уайым – тоска

адасу – заблуждаться

абақты – тюрьма

11 Сабақ Абай Құнанбайұлы

Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, iрi ағартушы, қазақ әдебиетiнiң негiзiн салушы, қоғам қайраткерi. Абай 1845 жылы Семей облысында туған. Әкесi Құнанбай бай, би, ру басы, Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. Анасы Ұлжан, әжесi Зере мейiрiмдi, қамқор адамдар болыпты. Олар Абайға ертегi,аңыз, әңгiме көп айтатын.

Құнанбай дiншiл болған, сондықтан ол ауылында Ғабитхан деген молданы ұстаған.Абай да молдадан оқыған. Абайдың зеректiгiн байқаған соң, Құнанбай оны Семейдегi медресеге берген. Абай медреседе оқып жүрiп, шығыс классикалық поэзиясымен танысты. 3 айлық орыс мектебiнен дәрiс алды. 13 жасында әкесi баласын медреседен шығарып алды, өйткенi Абайды ел билеуге үйретпек болды.

Ел аралап жүрiп, ол қазақтың Ғұламаларының халық аузындағы сөздерiн, мақалдарын, ертегiлерi мен нақылдарын меңгердi. Абай осы кезде араб, парсы, түркi тiлдерiн кiтап арқылы үйренедi, осы тiлдердегi шығармалармен танысады. Ол махаббат бостандығын, әдiлетшiлдiктi, әлеуметтiк прогрестi жырлайтын Низамидi, Науаидi, Хафиздi, Фирдаусидi қадiр тұтты.

Семейде ол саяси жер аударушылар Грось және Михаэлспен танысып, екеуiн ауылына қонаққа шақырады. Олар Абайды орыс әдебиетiмен таныстырды. Солардың ықпалымен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Достаевский, Белинский шығармаларымен танысты. Абай әсiресе, Лермонтовтың шығармаларын сүйiп оқыды, Өлеңдерiн аударды. Абай қазақ тiлiне “Евгений Онегиндi” аударды, оның iшiнде аудармашының өзi ән шығарған “Татьянаның хаты” қырда үлкен сүйiспеншiлiкке бөлендi.

1904 жылы Абай қайтыс болды. ұлы ақын артына үлкен iз қалдырды.

Абай қазақ өмiрiнiң энциклопедиясын жасаған шыншыл суреткер. Ол “Қалың елiм қазағым”, “Сегiз аяқ”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм”, “Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат” т.б шығармалары арқылы қазақ топырағындағы әдiлетсiздiктi сынап, қазақ жастарын оқу-бiлiмге шақырды.

Абай - қазақтың ғана ақыны емес, бүкiл адамзатты ақыны, әлемдiк поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға.

сазгер – композитор

негізін салушы – основоположник

қоғам қайраткері – общественный деятель

дiншiл – религиозный человек

зеректiгiн байқаған соң – заметив способность

ел билеуге – к руководству народа

ғұлама – мудрец

махаббат бостандығы - свобода любви

әдiлеттiлiк – справедливость

әлеуметтiк прогресс – социальный прогресс

ықпал – влияние