Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. Егер құрылымын пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Үлгі: Адам өз еңбегімен бақытты болады. Егер жас адам талапшыл, ізденгіш болса, онда мақсатына қол жеткізеді.

1. Егер ана тілін меңгеру қиын болса, онда не істеу керек?

2. Егер мәдениетті болғыңыз келсе, не істейсіз?

3. Егер қалада тұрсаңыз, онда не істер едіңіз?

Назар аударыңыз !!! Салыстырыңыз.

1. Егер өз ата-анасын сыйлайтын болса, өзге ата-ананы да қадірлейді.

2. Егер өз ата-анасын сыйлайтын болса, өзге ата-ананы да қадірлейтін еді.

6. Егерде (если бы) құрылымын пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Егерде ауылдағы жастардың бәрі жұмыспен қамтамасыз етілсе, ауыл жағдайы қалай болар еді? Егерде ауылдан жұмыс табылса, жастар қалаға қашар ма еді? Егерде оқыған жастарымыз өз туған жерін ұмытпай, қайтып оралса, ауылға пайдасы тиер ме еді? Егерде ауылға келген мамандар шаруашылыққа жаңа технологияны біртіндеп енгізсе, ел ырысы өсер ме еді? Әрбір азаматтың өз елі үшін жаны ауырар болса, өркениетті елдердің қатарына тезірек қосылар ма едік? Егерде еліміздің әрбір азаматы қоғам мүлкіне өз мүлкіндей қарайтын болса, мәдениетіміздің өскені болар ма еді? Егерде адамдар күл-қоқысты албаты (қалай болса солай, беталбаты, бетінше) тастамайтын болса, жеріміз ластанар ма еді? Егерде қалаларымызда көлік көп болмаса, ауа осынша ластанар ма еді? Егерде туған ауылыңыз қалаға айналады десе, сіз қарсы болар ма едіңіз?

7. Сіз мына жағдайларды қалай шешер едіңіз? Жауапта егерде құрылымын пайдаланыңыз.

Сіз Қазақстанда тұрасыз.Қазақ тілін үйренгіңіз немесе терең білгіңіз келе ме? Себебін айтыңыз.

Сіз университетті жаңа бітірдіңіз, өз туған жеріңізге барып еңбек еткіңіз келе ме? Себебін айтыңыз.

Көшеде құрбы-құрдастарыңызбен келе жатырсыз. Олардың бірі балмұздақ құтысын (ыдысын) жол жиегіне ( ) тастай салды. Сіз қарсы сөйлер ме едіңіз? Түсіндіріңіз. Неге иә (жоқ) дейсіз?

Сіз қалада тұрасыз. Ірі кәсіпкерсіз, қалталы адамсыз. Анда-санда уақытыңыз болғанда, туған ауылыңызға келіп кетесіз. Ауылдың жолы быт-шыт( ). Осы жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?

Сіз ауыл басшысысыз. Сіз бәрінен бұрын қандай шешім қабылдар едіңіз?

Объектілік қатынастар

1. Сөйлемдерді салыстырыңыз.Ақпарат көзі болған объектінің тұлғасын анықтаңыз. Қай септікте?

1. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады. (Ұлы іс Отанын шын сүйген адамнан туады.)

2. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. (Отаншылдық өз отбасыңнан басталады.)

3. Патриотизм осыдан басталады.(Отаншылдық өз еліңді, өз үйіңді сүюден басталады.)

2. Көп нүктенің орнына ақпарат көзі – объектіні қойып жазыңыз.

Тілінен айрылған халық міндетті түрде ...айрылады.(ұлттық қасиетінен, ұлттығынан)

Әр адамда өз ... басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі –сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр,салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.(М.Шаханов) (анасынан)

Патриотизм ... басталады.(осыдан, еліңді сүюден)

Кеше Бекнұр мен Райыл ... келді.Ауылдағы ... шөп жинауды үйреніпті.(ауылдан,ағатайларынан)

7- САБАҚ, 8 САБАҚ