Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

14. Мына сұрақтар мәтінге сәйкес пе? Жауап беріңіз.

1. Қазіргі жастар отаншыл ма?

2. Қазіргі жастардың отаншылдығына қандай істері дәлел бола алады?

3. Сіздің бойыңызда білімқұмарлық (білімге құштарлық – страсть к знанию), іскерлік (деловые качества), бауырмалдық қасиеттер бар ма?

15.А) Шартты мәнді сөйлемдерді,

ә) Болымсыз тұлғалардағы етістіктерді,

б) Өздік есімдігін,

в) –ын, -ін жалғаулы табыс септігіндегі сөздерді,

г) Бұйрық райдағы сөйлемді табыңыз.

Еске сақтаңыз!!!

Басыңқы сөйлемнің баяндауышы -са, -се жұрнағы арқылы: Мен ардақтасам, сен ардақтасаң, ол ардақтаса .

Етістіктің шартты рай түріне жіктік жалғауы І жақта –м (жекеше), -қ, -к (көпше), ІІ жақта –ң (анайы түрі), -ңыз, -ңіз (сыпайы түрі) түрінде жалғанады. Шартты райдың ІІІ жағының арнаулы жіктік жалғауы болмайды.

Шартты райдың жіктелу үлгісі жедел өткен шақ формасына ұқсас. Мысалы:.

Шартты рай түрі керек (надо, нужно), екен, еді, ғой сөзімен тіркескенде (в сочетании со словом), тілек, арман, қалау рай мәнінде (указывает на предположительность действия) айтылады. Мысалы: Ол кешке келсе керек. – Возможно, что он придет вечером.

Білсем екен, білсең екен, білсе екен; білсем еді, білсең еді, білсе еді; білсем ғой, білсең ғой, білсе ғой.

Шартты райлы етістік І, ІІ жақ жіктік жалғауында тұрып, оған -шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол өкіну мағынасын, ал ІІ жақта өтініш мағынасын (значение просьбы) білдіреді: бар/са/м/шы “надо было пойти”, бар/са/ң/шы “иди же”. Шартты райлы етістік түріне да, де, та, те жалғаулық шылаулары қосылса (сочетание условной формы глагола с соединительным союзом), қарама-қарсы (противопоставление) мағына береді. Мысалы: Ол ауырса да, міндетін орындайды. – Хотя он и болеет, но выполнит свои обязательства.

Грамматика Шарт мӘнді сӨйлемдер

Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол адам отаншыл болады.

Егер адам елін сүйсе, аянбай еңбек етуге тиіс.

1. Берілген сөйлемдерді егер сөзін пайдалана отырып шарт мәнді сөйлемге өзгертіңіз.

Үлгі: Отан үшін еңбек етеді.Кейін соның зейнетін(добро) көрмек.

Отан үшін еңбек етсе, кейін соның зейнетін көрмек.

Өз әке-шешесін ардақтай ма? Өзгенің де ата-анасын құрметтейді. Болашақ ұрпақ отаншыл бола ма? Еліміз бай болады. Өз ұлтын жақсы көре ме? Өзге ұлттарды да сыйлайды. Ер-азаматтарда намыс бар ма? Еңбек етпей отыра алмайды.Отаныңызды сүйесіз бе? Іспен дәлелдеңіз. Жақсы оқисыз ба? Тәртібіңіз де дұрыс шығар.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Егер адам еңбек етпесе, ішіп-жей ме? Егер өз әке-шешесін ардақтамаса,өзгенің ата-анасын құрметтей ме? Егер ақшалы адам болсаңыз, сіз не істейсіз? Егер сіз туған ауылға маман керек болса, сіз не істер едіңіз? Егер бейтаныс кісі (незнакомый человек) көмек сұраса, сіз не істейсіз?

3. Оңжақта және сол жақта берілген сөйлемдерді салыстырыңыз. Шартты райлы да жалғаулығымен берілген сөйлемдерге назар аударыңыздар.

1.Қаладан жұмыс табылды, бірақ өз аулына барды.

2.Қаладан жұмыс табылса да, ол өз ауылына кетті.

3.Ол қалада оқиды, бірақ әке-шешесіне қолғабыс (көмек) көрсетіп тұрады.

4.Ол қалада оқыса да , әке-шешесіне жәрдемдесіп жүреді.

5.Оның жұмысы қиын , бірақ ешқашан шаршағанын білдірмейді.

6.Оның жұмысы қиын болса да ,ешкімге шаршағанын білдірмейді.

7.Өз ұлтын жақсы көреді , бірақ мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек.

8.Өз ұлтын жақсы көрсе де, ұлтшыл емес.

4. Үлгі бойынша сөйлемді өзгертіңіз.

Үлгі: Ауылдан кеткеніне көп жылдар өтті, бірақ туған жерін еш ұмыта алмайды.Ауылдан ұзап кеткеніне көп уақыт өтсе де, туған жерін еш ұмыта алмайды.

Ауылда жұмыс көп емес, бірақ бос отыруға болмайды. Ел тұрмысын көтеру оңай іс емес, бірақ оған ынтымақпен кірісу қажет. Ел басқару қиын, бірақ ақылмен ғана жол табу керек екенін ұмытпа. Дем алуды ұмытпа, бірақ жалқау болмау керек.