Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Студенттің өздік жұмысы

1-тапсырма. Жауаптарға сәйкес сұрақ қойыңыз:

-…………..

- Маған табиғат аясында демалу ұнайды.

-…………..

  • Дұрыс демалу –денсаулыққа пайдалы.

  • ………………..

  • Табиғат аясына қол боста шығамын.

  • ………………

- Маған достарыммен бару –көңілді.

  • ………………..

  • Жазда жорыққа шыққан жақсы.

2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыз:

1.Жетсін / аясында / уақытта / не / табиғат / демалғанға!

2.Жақсы / тауға / барған / жазда / жорыққа.

3.Керек / аясына / үшін / табиғат / қызық / бармау.

4.Табиғатқа / керек / қарау / жанашырлықпен.

5.Орынсыз / өсімдіктер / құртпа / ағаштарды / мен!

3-тапсырма. Мәндес сөздерді жаттап алыңыз:

орынсыз – тектен –тек, құр босқа

нығайтатын – күшейтетін

ұялайды – орналасады, мекендейді

аясында –ішінде, арасында, аумағында

4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғат аясында

Шіркін, бос уақытта табиғат аясында демалғанға не жетсін! Көз алдыңа елестетші: сылдырлап аққан бұлақ, айнала қалың орман, алыстан биік тау көрінеді, аяқ астыңдағы топырақ жұп-жұмсақ, баяу ғана самал жел еседі, ал сені арман алға шақырады. Жаныңдағы достарыңмен бірге өздеріңе ыңғайлы жер іздейсіңдер.

Қыздар тамақ әзірлеуге кірісіп, ұлдар су тасып, дастархан жасауға көмектесесіңдер.

Домбыра, гитара тартып, ән айтып, би билеп, ойын ойнап, бұл жорықты естен кетпестей өткізесіңдер. Табиғатқа тек қызық үшін ғана бармау керек. Оның әрбір ағашын, бұтасын, суын орынсыз құртпау керек. Қалың өскен арша арасында жалғыз жүріп те тамаша демалуға болады. Арша ағашы денсаулықты нығайтатын нағыз «емші». Қайың ағашын құшақтап, сырласып алсаң, бойыңа күш-қайрат қосылады. Сылдырлап аққан бұлақ үнін асықпай тыңдасаң, жүрегіңе жақсылық ұялайды. Табиғат аясында өткізген әрбір уақытыңнан кейін оған іштей рахмет айтып, қоқыстарды жинап кетуді ұмытпа.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Табиғат аясына жиі шығасың ба?

2.Сен тұратын өлкеде қандай көрікті жер бар?

3.Сен отбасыңмен орман-тоғайға, тауға бардың ба?

4.Табиғат аясында демалғаннан кейін, нелерді жинап кету керек?

5.Қандай ағашты ұнатасың?

6.Сайраған құстар үнін тыңдадың ба?

7.Жылдың қай мезгілінде табиғат ерекше құлпырады?

5 Сабақ

МЕНІҢ ЕЛІМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Сөздік минимум:

Қазақ халқы, қазақ ұлты, Қазақстан Республикасы, тәуелсіз, егемен, біздің ел, жер көлемі, тауарлар, өзен – көлдер, теңіздер, шөл дала, жазық дала, азаматтық, туған жер.

Мен – Қазақстан азаматымын. Өзімнің осындай елде дүниеге келгеніме мақтанамын. Менің бала кезден бергі арманым-жақсы адам болу еді. Жақсы болу- өзіңді де, өзгені де сүю екен. Отанды сүю екен. Мен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұратын қазақ елін сүйемін. Қазақ елі қаншама қиындықтап өтті. Атамекенінен жер ауып та кеткендері қаншама? Дегенмен, өз жеріне деген махаббатпен ұрпағын сақтап қалуға деген көзсіз ерлік ата-бабаларымыздың рухын түсірмеді. Содан да болар, әлемде жер көлемі жағынан он ірі мемлекеттің қатарынан орын алатын қазақ жері жат елдіктерге бұйырмады. Мен халқы сан жағынан көп бола тұра алақандай өз жері жоқ елдерді білемін. Тағдырдың түрлі жолдарында өз жерінен айырылып қалған мемлекеттерді де білемін. Ал Қазақстан олай емес.

Қазақ елі өз тәуелсіздігі жолында ұзақ та қиын жолдардан өтті. Бірақ мойымады, жасымады. Бұл тәуелсіздікті даңқты ата-бабаларымыздан бастап, кешегі өткен Қайрат пен Ләзаттар да көре алмады. Олардың баянды болашақ үшін күресі текке кетпеді. Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Біздің еліміз- бай ел. Қазақстан -өз астығымен, жер асты кендерімен, ғажайып табиғатымен даңқы шыққан ел. Дүние жүзіне танымал ұлы адамдары мен қоғам қайраткерлері бар ел. Тамаша қалалары мен белгілі оқу орындары бар ел. Еңбек пен бейбетшілік қалайтын ел. Сондықтан да болар, Қазақстанның елдік рәміздерінен достық пентатулыққа шақыратын, бостандық пен тыныштықты қалайтын белгілерді көптеп кездестіруге болады. Қазақстан – түрлері әр алуан болғанымен, жүректері бір, тілектері бір адал жанды адамдардың Отаны, алтын бесігі.

Сөздік

көк шалғын майса - здесь: свежая трава

қол жеткізу – достигать чего-то

заңғар – высокий

құнарлы – плодородный

шүйгін – здесь: сочная трава

қалау – желать

әр алуан – разный

аунап өсу – здесь: вырастить беспечно

масаттану – здесь: радоваться

тағдыр тауқыметі – здесь: испытания судьбы

шапқыншылық – нашествие врага

зобалаң – здесь: бедствие

айырылып жату – лишаться

атамекен – отечество

көзсіз ерлік – героизм

қайрат – сила воли

мойымау, жасымау – не унывать

рухын түсірмеу – не падать духом

баянды болашақ – счаствливое будущее

текке кетпеу – не зря

жат елдік – чужеземец

жаны ашу – жалеть

даңқ – слава

бұйырмау – здесь: не досталась

бесік – колыбель

1-тапсырма. «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» мәтінін оқып, оны орыс тіліне аударыңыздар.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сенің Отаның қалай аталады?

  2. Сенің өз Отаныңды сүйесің бе?

  3. Сенің балалық бал дәуренің қай жерде өтті?

  4. Қазақ елі өз тәуелсіздігі жолында қалай күресті?

  5. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы, қай күні алды?

  6. Ата заңымыз қашан қабылданды?

  7. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығы?

  8. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  9. Қазақстан кімдердің алтын бесігі?

  10. Сенің Отан алдындағы азаматтық борышың қандай?

  11. Еліміздің рәміздері туралы не білесің?

3-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Атамекен, ес білгелі, алтын ұя, желмен жарысу, көкжиек, армандау, борыш, сезіну, міндет, талап, асқақ мақсат, орындалу, аялау, қол жеткізу.

4-тапсырма. «Менің елім – тәуелсіз Қазақстан» мәтінінен есімдіктерді табыңыздар. Олармен сөйлем құрастырыңыз.

5-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

Наше отечество – независимый Казахстан. Бескрайная степь зовет тебя в будущее. Высокие горы, глубокие озера и реки, чистые пруды, хрустальные родники не только богатство нашей земли, они придают красоту местности. Казахстан богат полезными испокаемыми. На юге республики выращивают хлопок, овощи, фрукты, сахарную свеклу. На севере республики растет пшеница.

6-САБАҚ