Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика билеты.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

10 Билет.

Ньютоннын 1ші заны Е гер дене ге күш әсер етпесе ол тыныштық күйңн сақтайды.

2 заңы Дене жылдамдағының өзгнруі күшке пропорционалж\е күшпен бағыттас.

F=ma

3 заңы Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш болады.

F1=F\2

Бүкіл әлем тартылыс заңы – дененің жер тартылуы.

F=G * m1 m2/r2

G=6.67*10 -27 н*м2/кг2

Кеплер заңдары

1заң Барлық планеталадың орбиталары –эллипс.

2заңы.

Планетаның радиус вектоы бірдей уақытта бірдей жол жүреді.

3 заң.

Еркін түсу үдеуі әр түрлі биіктікте әр түрлі , бірақ оның орташа мәні.

G=9.82/с2

Ғарыштық жылдамдық тар- жасанды денелерде бастап ұшу жылдамдығы

2)ядрода нуклондарда берік байланыста ұстап тұрған күшті ядрлық күш деп атайды.

1Ядролық күштер қысқа әрекеті

2ядролық күштер заряттарға тәуелсіз

3ядролық күштер қаныққыш күштер

1 маб=1,66*05406*10 -27=931 мэв

Ядроның беріктігін ▲m масса ақауына сәйкес келетін E= mc2энергия шамасымен сипатталады. Оны ядроның байлыныс энергиясы деп атайды.

11 билет.

Жасанды жолмен алынған радиоктивті изатоптарды радиоизатоптар деп атайды.

Радиоизатоптарды медецинада,механизм подшибниктерінде қолданылады.

2) Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен. СИ жүйесінде паскальмен (Па).

Торичелли тәжірибесі –қысымды өлшеу тәжірибесі. Қалыпты қысым -760мм сынап бағанасы. Р=10,33

Манометр (гр. manos — сирек, тығыз емес) — сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор.

12 Билет.

Жылу сыйымдылығы — дене температурасын 1°С-ге немесе 1 калорияға жоғарылату үшін берілетін жылу мөлшері.

Отынның жану жылуы отын жанғандағы бөлінетін жылу мөлшері.Q=qm

Отын түрлері

Газ – сапалы

Сұйық

Қатты (көмір)

Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Жылу машиналары –энергия алудың бір жолы. Бірақ олар экологияға қауіпті.

Газдың ұлғаю жұмысы

A=Q+▲U

13 Билет

1)Элементар бөлшектер – заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектері. Элементар бөлшектер зат атомдарымен әсерлесуі нәтижесінде электрондар мен протондарға түрленеді. Электрон, позитрон, протон, антипротон, нейтрино, антинейтрино және фотоннан басқа бөлшектердің барлығы өздігінен ыдырайды. Э. б-дің пайда болу мезеті мен ыдырау мезетінің арасындағы уақыт (тұрақсыз Э. б-дің өмір сүру уақыты деп аталатын) әдетте секундтың миллиондық және миллиардтық үлесіндей болады.Табиғаттағы тұрақсыз Элементар бөлшектер ғарыштық сәулелерде (ғарыштағы үдей қозғалған протондар мен электрондардың атмосферадағы бөлшектерді соққылау кезінде) пайда болады. Алайда ғарыштық сәулелердегі тұрақсыз Элементар бөлшектердің қасиеттерін дәлірек зерттеу қиынырақ. Өйткені олардың қарқындылығы өте аз. Сондықтан одан гөрі зарядты бөлшектер үдеткішінде алынған Элементар бөлшектер шоғын зерттеу қолайлы. Үдеткіште жылдамдатылған протондардың не электрондардың энергиясы неғұрлым жоғары болған сайын ауыр, тұрақсыз Элементар бөлшектер алынады. Қазіргі кезде үдеткіштер бөлшектердің энергиясын 70 ГэВ-ке дейін жеткізе алады.

Аннигиляттану немесе Аннигиляция (көне лат. annіhіlatіo — жойылу, құру), жұптар аннигиляттануы — бөлшек пен антибөлшектің соқтығысуы кезінде элементар бөлшектердің басқа түрге айналу процесінің бір түрі. Электрон мен оның антибөлшегі — позитрон соқтығысқанда электрлі магниттік сәулеге (фотонға немесе -квантқа) айналады. Бұл термин дұрыс аталмаған, өйткені А. процесі кезінде барлық сақталу заңы орындалады. Бұл процесте материя жойылмайды, ол бар болғаны бір түрден екінші түрге айналады. Сондай-ақ электрлі магниттік немесе басқа да өзара әсерлесулер кезінде бір мезетте бөлшек және антибөлшек жұбы пайда болады. Жұптардың пайда болуы — жұптар А-на кері жүретін процесс. Жұптар А-ы, антибөлшектің бар екендігін, жұптардың пайда болу мүмкіндігін ағыл. физигі П.Дирак теория жүзінде 1931 ж. болжап айтқан (қ. Дирак теңдеуі). 1933 ж. француз физиктері И. және Ф.Жолио-Кюрийлер магнит өрісіне орналастырылған Вильсон камерасының көмегімен электрон-позитрон жұбын бақылаған. Жұптардың А. құбылысы электрлі магниттік өзара әсер арқылы ғана емес, сонымен бірге (мыс., -мезонға айналып кететін нуклон мен антинуклон А-ы) күшті өзара әсер арқылы да жүзеге асады.

Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдык дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.

Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика деп аталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.

Сингулярлық күй материяның әдетте бізге белгілі элементарлық бөлшектері және физикалық әсерлері жоқ күйі

2)Жарықтың шағылуы – жарықтың екі түрлі орта шекарасына (кем дегенде біреуі мөлдір болатын) түсуі кезінде байқалатын құбылыс. Мөлдір ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын екінші ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі бірінші ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дене бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. байланысты болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады.

Жарықтың шашырауы – жарық сәулесінің бастапқы таралу бағытын өзгертіп, жан-жаққа ауытқуы. Бұл құбылыс жарықтың оптикалық жағынан біртекті емес ортада таралуы кезінде байқалады. Сол орта ішіндегі бөгде бөлшектер жарықтың таралу бағытын өзгертеді. Жарық толқынының электр өрісі әсерінен мұндай орта электрондары еріксіз тербеледі де, барлық бағытта бастапқы толқын жиілігіндей екінші реттік электрмагниттік толқындар шығарады. Жарық бөгде қоспалардан мұқият тазартылған ортадан (заттан) өткенде де шашырайды. Өйткені молекулалар мен атомдар үздіксіз қозғалыста болатындықтан, шағын көлем ішінде де заттың тығыздығы өзгеруі мүмкін. Осы өзгеріс салдарынан да жарық шашырауы байқалады.

Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады:түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен сынған сәуле өзара қайтымды болады-----------Түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ) қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы n – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады.

Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады.

Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді. Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз. Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады. Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.

Линзалардың түрлері:

Суреттегі линзаның басты элементтері: NN – оптикалық ось, О – оптикалық центр, F – фокус аралығы, F' – кескін, H – кескін биіктігі.

Линзаға байланысты формулалар: - Жұқа линзаның формуласы - Линзаның оптикалық күшін табу формуласы немесе

мынау формуламен табуға болады.

- Линзаның сызықтық ұлғаюының формуласы

H – Кескін биіктігі, h – нәрсе биіктігі

- зат линзадан шексіз қашықтықта жатқан жағдайда (d=шексіздік)