Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика билеты.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

ФИЗИКАДАН ЕМТИХАН ЖАУАПТАРЫ

1билет

Қуат уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. Бірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін Қ.: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі, мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда , dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс. Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с.

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды

Энергияның Сақталу Заңы, энергияның сақталу және айналу заңы – табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергияның сақтау заңы термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталады.

2) Радиоактивті ыдырау заңыатом ядроларының әр түрлі бөлшектер мен сәулелер шығара отырып, өздігінен түрлену заңы Радиоактивті ыдырау заңын Резерфорд ашқан:

немесе

Ядроның бөлінуі, атом ядросының бөлінуі – ауыр атом ядроларының өздігінен не басқа бір бөлшектердің әсерінен бірнеше бөлшекке бөлінуі.

Ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды

Термоядролық реакция -атом ядросының элементар бөлшектермен, сонымен бірге гамма кванттармен немесе бір-бірімен өзара әсерлесулерінен туған түрленулер.

Атомдардың ядроларын бөлетін н/е біріктіретін реакциялар арнайы қондырғыларда орындалады. Ондай қондырғыларды ядролық реактор деп атайды.

2 Билет

Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды

Дененің шығу табиғатын ж/е сапалық қаситтерін сипаттайтын материя түрін ЗАТ деп атайды. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады

. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерделеу әдістері.

Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер колданылады. Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.

Қысымы тұрақты , яғни p=const, ал температура (Т) мен көлемі (V) өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процес деп аталады.

A=p(V2-V1)=p V

Менделеев -Клапейрон теңдеуі- газдын күйін анықтайтын ж/е оның негізгі параметрлерінің арасындағы байланысты тағайындайтын тендеу : PV=BT мұндағы В-пропорционалдыңкоэфиценті – газдын массасы (М) мен малекулалык массасына тәуелді.

3 Билет

Атом- хим. Элементтің қасиеттерің бойына сақтаған онын ең кіші бөлщегі.

Малекула- заттын хим. қасиеттерің бойына сақтаған онын ең кіші бөлщегі

Диффузия- бір заттың малекулаларының екінші заттын малекулаларын бос орындарына өзара өтуі.

2)F=k*g1g2/r2 кулон заңы

Электр өріс электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады.

Электр өрісінің кернеулігіэлектр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама.

Потенциал (потенциалдық функция) — физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін сипаттайтын ұғым.

Потенциалдар айырымы –– өpic көзін өрістің екі нүктесі аралығында орын ауыстырған кезде өpic көзіне әсер ететін потенциалдық күш өрісінің күштері жасайтын жұмыстың көзді сипаттайтын шамаға қатынасы.

4 Билет

Импульс (лат. іmpulsus – соққы, түрткі), физикада –

  1. механикалық қозғалыстың өлшемі (қозғалыс мөлшері ұғыммен бірдей). Материяның барлық формаларының, оның ішінде электрмагниттік және гравитациялық өрістің де импульсті болады;

  2. қандай да бір уақыт аралығындағы күш

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

P1+p2=p1+p2 импульстің сақталу заны деп аталатын табиғаттын негізгі заңдарының бірі.

2) Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы.

термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, тем- пература жатады.

Жылулық қозғалыс -интенсивтілігі дененің температурасымен анықталатын атомдардың, молекулалардың және дененің баска бөлшектерінің хаосты қозғалысы.

Термодинамиканың бірінші бастамасытермодинамикалық жүйелер үшін энергияның сақталу заңы; бұл заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады

Термодинамиканың екінші бастамасы) — статистикалық нысандардың үлкен санынан тұратын жүйелердің өз бетінше ықтималдығы аздау күйден ықтималдығы молырақ күйге ауысу процесін сипаттайтын табиғаттың түбегейлі заңы

Термодинамиканың үшінші бастамасы — абсолюттік нөлге жуық температура маңында, реакцияның жылу эффектісі мен максимал жұмысты сипаттайтын қисық сызықтар өзара бірігіп кетеді.

Мында өту: шарлау, іздеу