Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика билеты.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Аррениус теориясының негізгі қағидалары:

  1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.

  2. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:

  • NaCl↔ Na++ Cl-;

  • HCl ↔ Н++ CI-;

  • H2S04 ↔ 2Н+ + S042-

Иондардың формулаларыада зарядтың таңбасы (+, - ) оның сан мәнінен кейін жазылады.

Ac тұзы ерітіндісіндегі иондардың гидраттану механизмін карастырайық. Зат суда еріген кезде оның молекуласы иондарға ажырап қана қоймайды, осы иондар су молекулаларымен әрекеттесіп гидраттар түзеді. Полюсті су молекуласын былай белгілейміз (+ -), ол диполь (диполь - екі полюс) деп аталады:H+→0←H+

Диссоциация нәтижесінде пайда болган иондар қасиеттері молекуланы құраушы атомдар мен молекулалардың қасиеттерінен өзгеше болады. Оның себебі олардың электрондық құрылысында. Осы айтылғанды ас тұзы молекуласы мысалында қарастырайық.

Na элементі мен ионын салыстырайық:

2311Na1s22s22p63s1

Na+ ls22s22p63s0

Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші.

Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші.

Күмістей жылтыр ақ металл.

Ион - түссіз.

Сумен шабытты өрекеттеседі:2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2

Суға әсер етпейді, тек гидраттанады.

Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықсыздандырғыш:Na°-ē→Na+

Ион — тотықтырғыш: Na+ + е→Na0

Сl элементі мен ионын салыстырайық:

3517Сl1s22s22p63s23p5

Сl-1s22s22p63s23p6

Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен.

Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен.

Хлор молекуласы жай зат күйінде екі атомнан тұрады С12, ол өткір иісті, тыныс жолдарын түршіктіретін жасыл-сары улы газ.

Ион - түссіз.

Суда аздап еріп, әрекеттеседі:Сl2 + Н20 = НСl + HCl

Суға әсер етпейді, тек гидраттанады.

Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықтырғыш: Сl2 + 2ē→2С1-

Ион - тотықсыздандырғыш. 2С1--2e→Сl2

Na+ иондарына судың диполь молекуласы теріс полюсімен, ал С1- иондарына оң полюсімен бағытталады.

Ac тұзындағы хлор ион күйінде тамаққа пайдаланылады да, ал хлор молекуласы С12 - улы газ. Гидраттанған иондардың кейде түсі де өзгереді. Мысалы, сусыз CuS04 - түссіз, гидраттанғаны CuS04 • 5Н20 - көгілдір түсті.

Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:

  1. Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.

  2. Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр

шамы жанады.

  1. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.

  2. Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)

  3. Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).

  4. Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.

  5. Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.

Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.[2]